|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген «____» ______________ 2024 ж. № __________________ |
Жер-кадастрлық істерді сканерлеуді ұйымдастыру және электрондық мұрағатты «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі деректер базасына беру жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
|
|
а) ЖМБМК АЖ «Істердің электрондық мұрағаты» кіші жүйесінің клиенттік орындарын реттеу;
б) ЖМБМК АЖ әкімшісі деректер базасында сақталатын деректердің айтарлықтай ауқымын қарастыруы және тиісінше аппараттық сақтау құралдарын (дисктік массив, серверлер және т.б.) кеңейтуді қарастыруы тиіс;
в) бөлінген сервер және деректерді сақтау жүйесі қосымша қуат көзімен қамтамасыз етілуі тиіс;
г) Деректер қорда сақталуы тиіс.
3.1. Жер-кадастрлық істердің электрондық мұрағатын құруға арналған ЖМБМК АЖ «Істердің электрондық мұрағаты» кіші жүйесінің жұмыс істеуі үшін келесі ең аз талаптар қанағаттандырылатын компьютер қажет:
|
Процессор |
Intel Сorei3, тактілік жиілігі 3GHz төмен емес; |
|
|
|
|
Операциялық жүйе |
Microsoft Windows 7 SP1; |
|
|
|
|
Жедел жады |
4 Гб кем емес; |
|
|
|
|
Жүйелік диск |
120 Гб кем емес; Әдетте бұл, C: windows\system32 орналасқан |
|
|
|
|
Бағдарламалық құралдар |
- ArcGis 9.3.1, SP2 қондырғысымен; - Microsoft.NETFramework 4.0; - Microsoft .NETSupport; - КлиентOracle 11; |
|
|
|
|
Сканерлеу құрылғысы |
Twain - А3-А4 форматта үйлесімді сканер |
4.1. «Істердің электрондық мұрағаты» кіші жүйесін орнату ЖМБМК АЖ орнату нұсқаулығына сәйкес орындалады.
4.2. «Мұрағат құжаттарын жіберу/қабылдау» модулін орнату «Мұрағат құжаттарын жіберу/қабылдау» бағдарламалық қамтылымын орнату нұсқаулығында сипатталған.
4.3. Бағдарламалық қамтылымды орнату аяқталғаннан кейін оны реттеуді «Істердің электрондық мұрағаты» кіші жүйесі әкімшісінің нұсқаулығына сәйкес орындаңыз.
5.1. Құжаттарды сканерлеу арнайы модульмен жүзеге асырылады, ол алдын ала орнатылған кез келген моделдегі сканердің функциялары мен рәсімдерін шақырту үшін кітапхананы пайдаланады. Алынған сканерленген файлдар белгіленген C:\scan каталогына түседі. Егер сканер ағынды болса, онда сканерленген файлдар осы каталогта іріктеліп, қысылып, деректер базасына енгізіледі.
5.2. Сканерленген мәліметтер форматы - sid.
5.3. Сканерлеудегі берілетін рұқсат - 50 % қысумен 200 нүктеге дейін (сурет жақындатқанда бұлдырамауы тиіс), түрлі-түсті түрде де болады.
5.4. Құпия мәліметтер қамтылған құжаттар ЖМБМК АЖ-де сақталмайды, қызметтік пайдалану үшін, Интернет қолданушыларға және (немесе) жалпыға қолжетімді Интернет сегменті арқылы қосымшалармен өзара әрекет етуге қатысатындар үшін қолжетімді ақпараттық жүйелерге жіберілмейді.
5.5. Сканерленген жер-кадастрлық істер құрамы мен мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығымен бекітілген Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымы, құрамы және мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс. 2014 жылғы 5 қарашаға дейін қалыптастырылған жер-кадастрлық істер қалыптастыру кезіндегі әрекет ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Бұрын жер-кадастрлық ісі сканерленген жер учаскесі бойынша сәйкестендіру құжатын дайындаған кезде, егер толтырылған материалдардың парақтар саны 7-ден кем болмаса, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде жер-кадастр ісіне толықтырылған құжаттарды сканерлеуге рұқсат етіледі.
6.1. Жер-кадастрлық істердің электрондық мұрағатын жасау тәртібі «Электрондық мұрағат» бөлімінің «БМЖТ» кіші жүйесін пайдаланушылардың нұсқаулығында көрсетілген.
6.2. Жер-кадастрлық істердің электрондық мұрағатының деректерін Республикалық деректер базасына беру «Мұрағат құжаттарын беру/қабылдау» модулі арқылы жүзеге асырылады.
6.3. Жер-кадастрлық істерді бергеннен кейін беруге жауапты маман map.gov4c.kz/egkn сайтында «Мәліметтерді беру туралы ақпарат» бөліміне жіберілген құжаттар мен электронды мұрағат беттері санының дұрыстығына көз жеткізуі тиіс. Тексеру кезінде анықталған ескертулер, Әдістемелік ұсынымға 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша Корректуралық парақта көрсетіледі.
6.4. Жер-кадастрлық ісінің сканерленген құжаттарын беруді мамандар аптасына кем дегенде 1 рет жүзеге асыруы тиіс.
7.1. Қоғамның Басқарма аппаратының Жер кадастры департаментінің жер-кадастрлық істерінің электрондық мұрағатын жасау жұмыстарын қабылдауға жауапты маманы (бұдан әрі – Маман) ЖМБМК АЖ деректеріне салыстырып тексеру жүргізеді. Маман сканерленген жер-кадастрлық істерінің саны мен сапасын, злектрондық мұрағатқа орналастырылған құжаттардың дұрыс бағдарлануы және дәйектілігін, сондай-ақ жер-кадастрлық істерінің электрондық мұрағатының сканерленген құжаттарының осы Әдістемелік нұсқаманың 5.5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуін бақылауға міндетті.
7.2. Сканерленген жер-кадастрлық істерінің толық еместігі немесе сапасыз сканерленген құжаттар анықталған жағдайда, құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын маман Филиалдарға сапасыз деректерді қайта сканерлеу және жетпейтін құжаттарды толық сканерлеу үшін, жер-кадастрлық істерінің кадастрлық нөмірлерінің тізбесін жібереді. Сканерленуде кемшіліктер қайтадан анықталған жағдайда, сапасыз жұмысқа жол берген маманға Филиал басшылығы әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы тиіс.
7.3. Қате деректер болған жағдайда, қателіктер көрсетілген Корректуралық парақ жасалып, өңірлерге түзетуге жіберіледі.
8.1. Дайын жер-кадастрлық істер мұрағатын тапсыру «Жер ресурстары туралы ақпараттың қол жетімділігін арттыру» 259 бюджеттік бағдарламасының «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру» 100 кіші бағдарламасы бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырмасы бойынша орындалатын жер-кадастрлық жұмыстарды қабылдау-тапсыру жоспарына сай жүзеге асырылады. Барлық сканерленген жер-кадастрлық істері толық көлемде болып, ЖМБМК АЖ республикалық деректер базасына жолдануы тиіс. Сканерленген жер-кадастрлық істерінің кадастрлық нөмірлерінің тізімі Microsoft Office Excel (2-қосымша) электрондық түрде ұсынылады, жер-кадастрлық іс беттері - .sid форматында немесе pdf форматында – Жылжымайтын мүліктің бірынғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіне ауысу кезінде.
8.2. Материалдар Қоғам филиалы басшысының (басшы орынбасарының) қолы қойылған ілеспе хатпен беріледі. Есепте жұмысты тапсырудың тиісті кезеңі үшін ақпарат қамтылуы тиіс.
|
|
Жер-кадастрлық істерді сканерлеуді ұйымдастыру және электрондық мұрағатты «ЖМБМК АЖ» ақпараттық жүйесі деректер базасына беру жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа 1-қосымша
|
нысан
КОРРЕКТУРАЛЫҚ ПАРАҚ
Жұмыс түрі ___________________________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
|
№№ |
Кадастрлық нөмірі |
Ескерту |
Тексеруші тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы
|
Күні |
Екертудің түзетілгені туралы белгі |
Күні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Филиал бөлімшесінің
басшысы _________________________________________________
(Т.А.Ә.) қолы
|
|
Жер-кадастрлық істерді сканерлеуді ұйымдастыру және электрондық мұрағатты «ЖМБМК АЖ» ақпараттық жүйесі деректер базасына беру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықа 2-қосымша |
|
__________________ бойынша ____ жылғы ____ тоқсандағы есептік (өңір атауы) кезеңдегі жер-кадастрлық істерін сканерлеу бойынша жер учаскелерінің тізбесі |
|||
|
№ п/п |
Сканерленген жер-кадастрлық істер саны, ЖКІ |
||
|
ЖУ кадастрлық нөмірі |
ЖКІ-дегі беттер саны |
||
|
Аудан атауы (код) |
|||
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
Аудан (атауы) бойынша барлығы |
0 |
||
|
аудан атауы(код) |
|||
|
4 |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
Облыс бойынша барлығы |
0 |
||
|
Филиал бөлімшесінің басшысы _________________________________________________ (Т.А.Ә.) қолы |
|||
202_ ж. «___»________