Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу туралы жер комиссиясының хаттамалық шешімі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу, жер учаскелерін ауылшаруашылық өндірісі үшін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның резервтік жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беруге арналған тендердің қорытындылары бойынша жер комиссиясының хаттамалық шешімі

  1. Байқаудың өтетін орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишим ауылы, Абылай-хан көшесі, 28.
  2. Күні мен уақыты: 2020 жылғы 10 қыркүйек, сағат 15:00
  3. Байқауды ұйымдастырушы: Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі
  4. Жер учаскелерінің орналасқан жері: конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізімі бойынша.
  5. Тендерлік жер комиссиясының отырысы аудио, видео жазба, «Facebook» әлеуметтік желісінде «Аудан әкімдігі Ғабит Мүсірепов» арқылы онлайн таратылымын қолдану арқылы өткізіледі.

 

Қатысқандар:

Комиссия төрағасы:                Нұрлан Мейрамұлы

                                                          Төребеков

                                              аудан әкімінің орынбасары

 

Комиссия төрағасының

орынбасары:                                       Жадыгер Мұхтарұлы

Қабдуннасов

жер қатынастары

бөлім бастығы

жер комиссиясының

хатшысы:

Құралсын Қайратұлы Даиров

жер қатынастары

бөлімінің бас маманы

 

Комиссия мүшелері:

 

Айдын Сапарбекұлы

Қазжанов

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы әкімдіктің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы;

 

Руслан Ғалиұлы

 Аспанов      

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ басшысы;

 

Марат Қайыржанұлы

Ахметов                    

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан филиалының директоры, облыстық мәслихаттың

депутаты (келісім бойынша);

 

Ерлан Естайұлы

Әділбеков  

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы облыс мәслихатының хатшысы      (келісім бойынша).

                                                                                                      

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, жер комиссиясына ауылдық округ әкімдері қатысты:

 

Ренат Шамшетденұлы

Шұғайыпов                                             Көкалажар ауылдық округінің әкімі

 

 

 

Абылай Абайұлы

 Тоққожин                                              Шұқыркөл ауылдық округінің әкімі

 

Қатыспағандар: Сапанов Берік Айсаұлы – «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша), (себебі: Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға партия орталық аппаратының кадр саясаты департаменті директорының орынбасары жұмыс сапарымен келді), Барақаев Нұрсадық Қыстаубайұлы - Ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша), (себебі: «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлау процесінде сайлау комиссиясы қызметінің құқықтық негіздері» атты үш күндік онлайн оқуда (семинарда), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы), Мұстафина Раушан Ахмерқызы-жеке кәсіпкер (келісім бойынша), (себебі: ауданнан тыс жерлерге жоспарланған жұмыс сапарында).

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабы 2-тармағының негізінде, кворумның болмауы себебінен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өтпеді деп есептелсін.

 

Жер комиссиясының 

төрағасы                                                            Н.М.Төребеков

 

Жер комиссиясының

төрағасының орынбасары                             Ж. М. Қабдуннасов

 

Жер комиссиясының

хатшысы                                                            Қ. Қ. Даиров

 

Жер комиссиясының

мүшелері                                                            А.С.Қазжанов  

                                                                         

                                                                              Р.Ғ. Аспанов

                                                                          

                                                                              М.Қ. Ахметов

 

                                                                              Е.Е. Әділбеков

 

                                                                              Р.Ш. Шұғаипов

 

                                                                              А.А. Тоққожин

 

Дата публикации
15 сентября 2020