Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2 тарауына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Құрамы басшы орынбасары Н.Ж. Аманкуловтан (жұмыс тобының жетекшісі), жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы – Ж.Қ. Қаршығадан, жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы – Д.Ж. Мұстафадан, қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы- А.Б. Жанатаевадан тұратын жұмыс тобы Департаменттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
бағытында жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нысаны болып:
- жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің жұмысы;
- жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің жұмысы;
- қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі – 30.10.-10.11.2023ж.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізуге және жұмыс нәтижесіне басшылық ету, үйлестіру және жауаптылық басшы орынбасарына жүктелсін.