Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының, 5-тармағына, Қазақстан Республика Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016  жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының   2022 жылғы 8 ақпандағы №1410-1926-01-ММ   «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-департамент) туралы ережесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2023 жылғы 16 – 27 қазан күндері аралығында жүргізілсін;
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімдер бойынша жұмыс тобының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін;
  3. Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге арналған кезең 2023 жылғы 1 қаңтарынан – 2023 жылғы  27 қазан  аралығы болып белгіленсін;
  4. Бөлімдер бойынша құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Департамент басшысы Б. Есенгалиевтің атына анықтамасын ұсынсын.
  5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау департаменттің интернет-ресурсында орналастырылсын.
  6. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау департамент басшысының орынбасары Т. Нурахметовке жүктелсін.

 

2023 жылдың 6 қазан күнгі "Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" № 53-НҚ бұйрығы
Дата публикации
06 октября 2023