Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жер ресурстарын басқару комитеті
Төрағасының 2022 жылғы
«26» қаңтардағы №3н/қ бұйрығына 8-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына ұтымды және тиімді бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жою.
1) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
2) сотқа талап-арыз беруге, оларды Қазақстан Республикасының реттелетін саладағы заңнамасында көзделген тәртіппен қарауға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынуға;
5) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
6) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, атап айтқанда:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;
мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізуіне;
мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;
жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға жердің бар-жоғы, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуына;
жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына;
жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, сортаңдануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғап кетуді, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;
межелік белгілердің сақталуына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына;
бүлінген жерлердің рекультивациялануына;
жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
2) орындау үшін міндетті, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар немесе нұсқаулар беру;
3) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеу үшін Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және оны тоқтату туралы хабарлама жіберу;
4) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
5) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
6) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою;
7) егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын әзірлеу, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетіне Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру.
3-тарау. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
1) өз орынбасарының (орынбасарларының) және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, заңнамаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, материалдық көмек көрсету, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
6) өз құзыреті шегінде «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
7) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін білдіреді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату