Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы

Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 45% -ы - мал шаруашылығы. 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту шеңберінде мал шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды субсидиялауға шамамен 30% немесе 35,9 млрд. теңге бөлінді.

Өндірістің ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы нарықтың әлеуетін салыстыру және талдау негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі  ұзақмерзімді келешегі болып ет мал шаруашылығы табылып отыр.

Қабылданғанмодель Қазақстанның нақты ерекшеліктері мен көшпелі отарлы мал шаруашылығы дәстүрлерін негізге алған:

  • 180 млн. га жайылым (соның 58 млн. гектары қолданыста);
  • ауыл халқының 3,8  млн. адамы еңбекке қабілетті (соның 1,3 млн адамы ауылшаруашылығында жұмыспен қамтылған);
  • жылына 2 млн тоннадан астам жалпы импортты құрайтын негізгі дамушы нарыққа жақындық;

Жаңа тәсілдеме ет өндірудің бірыңғай технологиялық конвейерінде шағын фермерлердің көп көлемде қатысуын қарастырады. Отбасылық фермерлер мал өсірумен және бордақылау үшін жас тайыншалар алумен, өнеркәсіптік бордақылау алаңдары – қарқынды бордақылаумен, ет комбинаттары – өнеркәсіптік мал союмен, дендеп қайта өңдеумен және дайын өнімді өткізумен айналысатын болады.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

    Іске асырылып жатқан жобалар

    Бағыт бойынша барлық жоба

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Барлығын көру

    Мал шаруашылығы саласында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады:

    1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары). Аталған субсидиялау бағдарламасы туралы толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018404 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады.
    2. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары). Аталған бағдарлама аясында инвесторлардың жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсаған шығындарын 25%-ын өтеу көзделіп отыр. Бұл субсидиялау бағдарламасы бойынша субсидиялар алу бойынша ақпарат  https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемеде берілген,

    Бұдан басқа, мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ қаржыдық ұйымдарымен ІҚМ, ҰҚМ, ауыл шаруашылығы техникасын/құрал-жабдықтар сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарына, айналым қаражатын толықтыруға және т.б. бағытталған фермерлерді несиелеу бағдарламалары «Сыбаға», «Ырыс», «Іскер», «Агротехника», «Қарапайым заттар экономикасы» жүзеге асырылады. Толық ақпрат «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ сайтында www.agrocredit.kz; және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сайтында www.fagri.kz қол жетімді.