Артқа

Ерменов Руслан Толегенович

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Р.Т. Ерменов 1976 жылғы 7 шілдеде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген, білімі жоғары. 1999 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Р.Т. Ерменов еңбек жолын 2001 жылғы 26 қарашада Алматы қалалық жер ғылыми өндіріс орталығында маман болып бастаған.

2002 жылғы 15 қазаннан 2003 жылғы 19 қыркүйекке дейін – Алматы қалалық жер ғылыми өндіріс орталығының Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша жерге орналастыру бөлімінің бастығы;

2003 жылғы 19 қыркүйектен 2006 жылғы 14 тамызға дейін – Алматы қалалық жер ғылыми өндіріс орталығының Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша жерге орналастыру бөлімінің бастығы;

2006 жылғы 14 тамыздан 2008 жылғы 1 ақпанға дейін – Алматы қалалық жер ғылыми өндіріс орталығының нормативтік құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;

2008 жылғы 1 ақпаннан 2009 жылғы 27 наурызға дейін – Алматы облыстық Алматы жер ғылыми өндіріс орталығының өндірістік-техникалық бөлімі бастығының міндетін атқарушы, бөлім бастығы;

2009 жылғы 27 наурыздан 2012 жылғы 23 қазанға дейін – Алматы облыстық Алматы ғылыми өндірістік орталығы еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары;

2012 жылғы 23 қазаннан 2016 жылғы 8 сәуірге дейін – Алматы облыстық Алматы ғылыми өндірістік филиалы директоры орынбасарының міндетін атқарушы, директордың орынбасары;

2016 жылғы 8 сәуірден 10 тамызға дейін – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы департаменті директорының орынбасары;

2016 жылғы 10 тамыздан 2022 жылғы 14 ақпанға дейін – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Талдықорған қалалық бөлімшесінің басшысы;

2022 жылғы 15 ақпаннан 2026 жылғы 10 тамызға дейін – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары;