Артқа

Шарипович Марат Шамшиденов

Руководитель РГУ «Департамент по управлению земельными ресурсами Павлодарской области Комитета по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Жалпы ақпарат, білімі

Марат Шәріпұлы Шамшиденов, 1968 жылы 27 қазанда Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылында дүниеге келген.

1989-1994 жылдары Целиноград ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетінде оқып,ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

1994 жылдан 1997 жылды қоса, Ақтоғай ауданы, «Береке» кооперативтер одағында есепші-агроном, кейін осы шаруашылықтың бас агрономы қызметін атқарған.
1998 жылы  «Ақ ниет» ШҚ агроном болып істеген.
2000 жылы уақытша «Фитосанитария» РМК шегірткеге (италяндық прус) қарсы күрес жүргізу үшін агроном-оператор қызметін атқарған.
2001-2002 жылдары уақытша Павлодар қаласында «Мұрагер» ЖШС шегірткелердің (италяндық және азиаттық қара шегіткелер) орналасу аймақтарын анықтау инспекторы жұмысын атқарған.
2003 жылдың 14 наурызында «Павлодар қаласының жер ресурстары басқармасы» ММ  бас маман - мемлекеттік инспектор қызметіне түскен.  
2004 жылдың қараша айында «Павлодар облысының жер ресурстарын басқару комитеті» ММ   маман - мемлекеттік инспектор ауысқан.
2006 жылы «Павлодар облысының жер ресурстарын басқару басқармасы» ММ бас маман - мемлекеттік инспектор болып қызмет еткен.
2008 жылдан 2012 жыл аралығында Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Агенттігінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Өңіраралық жер инспекциясы» ММ мемлекеттік инспектор- бас маман қызметін атқарған.
2012-2014 жылдары «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму Министрлігінің Жер ресурстарын басқару Агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ бас маман – мемлекеттік инспектор қызметінде болған.
2015 жылы «Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы» ММ бөлім басшысы қызметін атқарған.
2016-2019 жылдары «Павлодар облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ бөлім басшысы қызметін атқарған.
2019-2022 жылдары «Павлодар облысының қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы» ММ бөлім басшысы қызметінде болған.
2022 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаментінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
бөлімінің басшысы қызметін атқарған.