Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы
«Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
Жайықбай Шалдарұлы 1976 жылы дүниеге келген.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша, Солтүстік Қазақстан заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің Есіл және Аққайың аумақтық учаскелерінің сот орындаушысы, аға сот орындаушысы, Солтүстік Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің бас маман-заңгері, бөлім бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің бөлім бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, Жамбыл облысы Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің бастығы, Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.