Виноградов ауылдық округіне Виноградов ауылында алғашқы су берілді! 2026 жылғы 15 қыркүйекте Виноградов ауылдық округінде су құбыры желілері іске қосылып, алғашқы ауыз су беріле бастады.Ауқымды жоба халықты таза сумен жүз пайыз қамтамасыз ету негізгі басымдық ретінде аталған Президент Жолдауын орындау мақсатында жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстары 2025–2026 жылдар бойы үздіксіз жүргізілді. Осы кезеңде мамандар округ тұрғындарының үйлеріне су жеткізу үшін қажетті инженерлік желілерді тартты.
19.06.2026 жылы сағат 15:00-де Виноградовка ауылы, Желтоқсан көшесі, 34 мекенжайы бойынша "СҚО Қызылжар ауданы Виноградовка ауылдық округі әкімінің аппараты"КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау өткізу жоспарлануда.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша 87153853399 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Азаматтардың белсенді ұстанымы мен мамандардың жедел әрекеті байланыс мәселесін қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік берді.
Виноградовка ауылында тұрғындар шағымданған Beeline байланысының сапасына қатысты мәселе шешілді.
Себебі: тұрғындар қымбат тарифке қарамастан желі сапасының төмендігіне шағымданды.
Нәтиже: қамту аймағын жаңғырту үшін жаңа базалық станция орнатылды.
Ауыл тұрғындары ұзақ уақыт бойы Beeline-ның қымбат тарифтік жоспарларына ақы төлесе де, іс жүзінде тұрақты интернет пен сапалы байланысқа қол жеткізе алмады. Қызмет құны өсіп отырғанымен, сапасы төмен деңгейде қалды. Тұрғындардың көптеген орынды өтініштері операторды округтегі техникалық мүмкіндіктерді қайта қарауға мәжбүр етті.
Енді қызмет сапасы төленген тарифтерге толық сәйкес келеді.
Жоғары жылдамдық: мобильді интернет тұрақты әрі жылдам болды.
Бұл жағдай тұрғындардың белсенді әрі бірлескен ұстанымы ірі компаниялардың өз міндеттемелерін орындауына ықпал ете алатынын дәлелдеді.
Бұл күн – әрбір ауыл тұрғыны үшін қастерлі де маңызды мереке.Виноградовка ауылындағы мереке қалай өтті:
Тағзым мен құрмет. Ауыл тұрғындары Мәңгілік алау маңына жиналып, майдан даласынан оралмаған боздақтарды еске алып, гүл шоқтарын қойды. Жеңісті жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне шексіз алғыс айтылды.
Әуен мен жыр. Бүгінгі күн ерекше ахуалда өтті: соғыс жылдарындағы жүрек тебірентер әндер шырқалып, ерлік пен Отан туралы жалынды өлеңдер оқылды. Бұл әуендер аға буын мен жастардың басын біріктірді.
Мерекелік дәм. Мерекенің сәні – Корниловтың дайындаған дәмді ботқасы болды. Ыстық әрі ерекше ықыласпен пісірілген ас барша жұртты бір дастархан басына жинап, көршілердің емен-жарқын араласуына мүмкіндік берді.Бұл күн бізге бірлік пен бейбітшіліктің қадірін тағы бір мәрте ұғындырды. Ортақ мерекені бірге атап өткен баршаңызға рахмет!
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.
Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.
Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.
«Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясымен Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға хабарламада конкурс өткізу туралы белгіленген мерзімінен кешіктірмей өтінімдерін берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалар және жеке тұлғаларға рұқсат беріледі.
Өтінімдер қабылдауы конкурстың өткізу туралы жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2026 жылғы 20 сәуірден бастап 13 мамырға дейін қоса алғанда өткізіледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні шығарылады.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі, 11, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша Қызылжар ауданы әкімдігінің ғимаратында 2025 жылғы 10 маусымда, конкурстың басталуы 10 сағат 00 минутта.
Конкурсқа катысу шарттары:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырылады, өтініш берушіге тіркеу номірі міндетті тағайындалады және оған хабарлама беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықшілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2026 жылғы 14 мамырға дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Конкурс өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Қызылжар ауданы әкімінің www.kzh.sko.gov.kz сайтында және «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» www.kzh-ozo.sko.kz сайтында, немесе 8 (715-38), 2-15-54, 2-20-48 телефон арқылы алуға болады.
Жер учаскелерінің Тізбесі
Архангельск ауылдық округі:
Лот 1. Жалпы көлемі – 30 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 30 га (б/б 60,3). Орналасқан жері 4,5 км Архангельское а.
Лот 2. Жалпы көлемі – 18,8 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 17,6 га (б/б 49,6), табиғи жайылымдар 1,1 га (б/б 49,6). Орналасқан жері 2,8км Новокаменка а.
Лот 3. Жалпы көлемі – 160,4 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 120 га (б/б 51,8), табиғи жайылымдар 40 га (б/б 23,4). Орналасқан жері 5,5 км Вагулино а.
Лот 4. Жалпы көлемі - 163 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи шабындықтар – 140 га (б/б 18,1), табиғи жайылымдар – 21 га (б/б 16,7). Орналасқан жері– 5 км Красный Яр а., 2,7 км Долматово а.
Лот 5. Жалпы көлемі - 83 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік – 22 га (б/б 38,8), табиғи жайылымдар – 59 га (б/б 20,0). Ораналасқан жері – 9,2 км Красноярка а.
Лот 6. Жалпы көлемі– 64 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар64 га (б/б 68,1). Ораналасқан жері 3,2 км Вагулино а.
Виноградов ауылдық округі:
Лот 7. Жалпы көлемі – 172,8516 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 170,1117 га (б/б 56), табиғи жайылымдар 2,7399 га (б/б 54). Орналасқан жері 7 км Виноградовка а.
Қызылжар ауылдық округі:
Лот 8.Жалпы көлемі – 41,6 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 40 га (б/б 26), табиғи жайылымдар 1 га (б/б 26). Орналасқан жері 1,2 км Карлуга а.
Налобино ауылдық округі:
Лот 9. Жалпы көлемі– 31 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 31 га (б/б). Орналасқан жері 3,1 км Налобино а.
Лот 10. Жалпы көлемі – 64 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 64 га (б/б). Орналасқан жері 5 км Налобино а.
Лот 11. Жалпы көлемі – 117,7 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 80 га (б/б 50,3),табиғи жайылымдар37 га (б/б 31,2). Орналасқан жері 4 км Налобино а.
Лот 12. Жалпы көлемі – 32 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 32 га (б/б18,7). Орналасқан жері 4 км Налобино а.
Петерфельд ауылдық округі:
Лот 13. Жалпы көлемі – 90 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 90 га (б/б 42,2). Орналасқан жері 1,7 км Кондратовка а.
Лот 14. Жалпы көлемі – 34 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 34 га (б/б 41,7). Орналасқан жері 1 км Кондратовка а.
Рассвет ауылдық округі:
Лот 15. Жалпы көлемі– 544,5439 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 453,1329 га (б/б 15). Орналасқан жері 4 км Красная Горка а.
Лот 16. Жалпы көлемі – 66 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 66 га (б/б 58,8). Орналасқан жері 2 км Рассвет а.
Лот 17. Жалпы көлемі – 31 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 31 га (б/б 59,1). Орналасқан жері 5,1 км Рассвет а.
Лот 18. Жалпы көлемі – 37,5 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 37,5 га (б/б 44,4). Орналасқан 5,1 км Рассвет а.
Құрметті Виноградов ауылдық округінің тұрғындары!
Виноградов ауылдық округінің әкімі Фархат Ержанұлы Гариповтың халықпен кездесулері келесі кесте бойынша өтетін болады:
Барлық тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз.