Әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру

Ағымдағы жылғы 12 мамырда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Г.Х. Манабаева, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша директоры А.С. Жүнісованың қатысуымен халықты әлеуметтік қолдау шараларын, оның ішінде зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер жөнінде халыққа ақпараттық түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, қатысушылар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және халықты жұмыспен қамту орталығының халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған қолданыстағы бағдарламалармен танысты.