Өрт қауіпсіздігі

Жылыту маусымы кезеңінде ақаулы жылыту пештерден өрт шығу қаупі бар. Мұндай өрттердің себептері жылу жүйелері мен қондырғыларын пайдалану, әсіресе пештерді жылыту кезінде өрт қауіпсіздігін өрескел бұзу болуы мүмкін. Осы мақсатта, 2022 жылғы 28 қаңтарда «Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ қызметкерлері «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қарттар мен мүгедектерге арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің әлеуметтік қызметкерлерімен семинар өткізді. Соңғы 2 жылда жалпы аудан және облысымызда өрт салдарына қаза болғандар мен зардап шеккендердің өсу статистикасы келтірілді.
Қыс мезгілінде өрттің алдын алу мақсатында әлеуметтік қызметкерлер өрт қауіпсіздігі нормалары және ережелерімен танысты. Атап айтқанда, пештердің, электр қазандықтарының, сондай-ақ, ас пісіруге арналған газ және электр плиталарының жағдайларына назар аудару қажет. Ақаулар болған жағдайда әлеуметтік қызметкерлер оларды жою бойынша ұсыныстармен әңгімелесу жүргізіп, бұл фактілер туралы жергілікті бөлімшелерге дереу хабарлау қажет.