Әйелдің еңбегі — әлемді аялайды

Әлеуметтік қызметкердің еңбегі –өзінің адал еңбегімен, қажымас қамқорлығымен қарттарға қызмет етіп, қамқорлығындағыларға баға жетпес көмек көрсетіп жүрген әрбір адамға деген шынайы құрметтің дәлелі.
Өз ісінің кәсіби маманының жарқын үлгісі Подгорное ауылында бірнеше жыл еңбек етіп келе жатқан әлеуметтік қызметкер - Гүлнұр Асқарқызы Рамазанова. Медициналық білімі бар, ол өзінің тәжірибесі мен білімін өз қызметінде қолдана отырып, әлеуметтік қызметкер үшін өте маңызды денсаулық сақтау жүйесінде еңбек жолын бастаған. Өзінің жұмыс күнін толық пайдаланады және өзіне жүктелген жұмысты орындау үшін уақыт пен энергияны дұрыс бөлуді біледі.
Қызмет алушылар ол туралы үлкен ризашылық сезімімен айтады: «Өте қарапайым», «Біз оған сеніп, жеке тәжірибемізбен бөлісе аламыз», «Үй шаруасында жақсы әйел, әрбіріміздің үйімізде қандай жұмыс істеу керектігін өзі біледі». Бұл оның қиын жағдайларда шешім қабылдауға қабілетті екенін және барлық ісіне жауапты екенін тағы бір дәлелдейді.
Ол жақсы қызметкер ретінде ғана емес, сонымен қатар тамаша әйел, ана, бес немеренің әжесі, жолдасымен бірге екі баланы ұл мен қызды тәәрбиеледі.
Көптеген адамдар оның сезімталдығы мен адамдарға ашықтығын атап өтеді. Оның жұмысы оңай емес, көмекке мұқтаж адамдарға деген ыстық ықыласы мен құрметі оны таптырмас етеді.