2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы баспасөз хабарламасы
2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджетін бекіту Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Ауылдық округінің бюджетін бекіту көздері мыналар болып табылады:
- Ауданның жеке кірістері;
- Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер;
- Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер;
- Облыстық бюджеттен субвенциялар.