Cолтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8/2 «2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баспасөз хабарламасы
2024 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 және 109-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, ауылдық округ әкімдерінің бюджеттік өтінімдері негізінде бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында жүргізіледі.
Аудандық бюджетті нақтылау көздері мыналар болып табылады:
- Аудандық бюджеттің кірістері және шығыстарын нақтылау;
- Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер;
- Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер.