Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 28/1 «2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баспасөз хабарламасы

0

2026 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 40, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және  өзін-өзі  басқару  туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, ауылдық округ әкімдерінің бюджеттік өтінімдері негізінде бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында жүргізіледі.

Аудандық бюджетті нақтылау көздері мыналар болып табылады:

  1. облыстық бюджеттен нысаналы трансферттерді нақтылау;
    1. аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспарлы ассигнованияларды қайта бөлу.