Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 28/17«2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Виноградов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баспасөз хабарламасы

2026 жылға арналған ауылдық округінің бюджетін нақтылау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 94, 96-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Ауылдық округінің бюджетін бекіту көздері мыналар болып табылады:

  1. Ауылдық округтің жеке кірістері мен шығыстарын нақтылау;
  2. 384,1 мың теңге сомаға бюджет қаражатының бос қалдықтары.