Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 28/25 «2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Рассвет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баспасөз хабарламасы
2026 жылға арналған ауылдық округінің бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 94, 96-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Ауылдық округінің бюджетті нақтылау көздері мыналар болып табылады:
- ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстарын нақтылау;
- 778 мың теңге сомаға бюджет қаражатының бос қалдықтары;
- ауылдық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспарлы ассигнованияларды қайта бөлу.