2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Якорь ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы баспасөз хабарламасы
2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының
Якорь ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
баспасөз хабарламасы
2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округінің бюджетін бекіту Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Ауылдық округінің бюджетін бекіту көздері мыналар болып табылады:
- Ауылдық округінің жеке кірістері;
- Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер;
- Аудандық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер;
- Аудандық бюджеттен субвенциялар.