Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 23/22 «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баспасөз хабарламасы

2025 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 94, 96-баптарына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және  өзін-өзі  басқару  туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, ауылдық округ әкімдерінің бюджеттік өтінімдері негізінде бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында жүргізіледі.

Аудандық бюджетті нақтылау көздері мыналар болып табылады:

  1. аудандық бюджеттің кірістері және шығыстарын нақтылау;
  2. республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді нақтылау;
  3. облыстық бюджеттен нысаналы трансферттерді нақтылау;
  4. аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспарлы ассигнованияларды қайта бөлу.

 

           Экономика және қаржы

               бөлімінің басшысы                                      А. Тұмұрзинов