Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 23/31«2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Виноградов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баспасөз хабарламасы

2025 жылға арналған ауылдық округінің бюджетін нақтылау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 94, 96-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Ауылдық округінің бюджетін бекіту көздері мыналар болып табылады:

  1. Аудандық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер;
  2. 2 156,0 мың теңге бюджет қаражатының бос қалдықтары.