Викторович Лариса Николаевна
Куйбышев ауылдық округінің әкімі
Жалпы ақпарат, білімі
Викторович Лариса Николаевна 1965 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Боголюбово ауылында дүниеге келген.
Петропавл педагогикалық училищесін «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша, Кәсіптік-педагогикалық колледжді «Технология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Балабақша тәрбиешісінен бастап мектеп директорының орынбасарына дейінгі әртүрлі қызметтерді атқарған.
1983–1999 жылдары Боголюбово бөбекжай-бақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеген.
2000–2007 жылдары Боголюбово орта мектебінде кітапханашы қызметін атқарған.
Кейін Боголюбово орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.
2021 жылғы 29 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Куйбышев ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарып келеді.