Меню

Страницы

Статья

Е-gov үздiк пайдаланушысы» байқауының ережесi

Е-gov үздiк пайдаланушысы» байқауының ережесi

1. Жалпы ережелер

1.1. «Е-gov үздiк пайдаланушысы» байқауы (бұдан әрi — Байқау) Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен өткiзiледi (бұдан әрi — Департамент).

2. Байқау мақсаты

2.1. Байқау электронды мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

3. Байқауға қатысу шарттары

3.1. Сайыс Солтүстiк Қазақстан облысының 16 және жоғары жастағы тұрғындары арасында өткiзiледi.

3.2. Конкурстық комиссия байқаудың бiрiншi кезең тапсырмаларын орындауға аз уақыт жұмсағандар арасында I, II, III орын иеленген жеңiмпаздарды анықтайды.

3.3. Байқау кезеңдерi:

I кезең

Байқау Webex Meet веб-сайтында үмiткерлер және байқау комиссиясы мүшелерiнiң тiкелей эфирiнде қосылуымен өткiзiледi, сайысқа қатысушылармен тапсырмалардың орындалуына баға берiледi.

Бекiтiлген кестеге сәйкес а.ж. 9 маусымда байқауға қатысушылар бөлек online жиналысқа қатысып, үш тапсырма орындайды:

  • электронды-цифрлық қолтаңба алу (бұдан әрi — ЭЦҚ);
  • электронды мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алу (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет түрiн байқау комиссиясы белгiлейдi);
  • мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi «Анықтамаларды үшiншi тұлғалармен алу» қызметi арқылы алу (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет түрiн байқау комиссиясы белгiлейдi).

Әрбiр үмiткер оған дейiн болған байқауға қатысушының жиналыстан шыққанынан кейiн бағаланады.

2 кезең

Байқау қорытындысын шығару, оның нәтижесiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (а.ж. 15 маусымға дейiн)

3.4. Тапсырмаларды орындауға жұмсалған уақыт санау талаптары:

  • электронды-цифрлық қолтаңба алу үшiн уақыт e-gov порталына кiргендiктен ЭЦҚ алғанына дейiн;
  • ЭЦҚ арқылы электронды мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алу үшiн уақыт e-gov порталындағы жеке кабинетке кiргендiктен «Сауалға оң нәтиже берiлдi» деген жағдайға дейiн;
  • «Анықтамаларды үшiншi тұлғалармен алу» қызметi арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн мына сервиске кiргендiктен «Сауал жiберiлдi» деген жағдайға дейiн есептелiнедi.

3.5. Байқау тапсырмаларын орындауға ең аз уақыт жұмсаған үмiткер жеңiмпаз болып анықталады.

3.6. Өтiнiмдер а.ж. 5 маусымға дейiн ugu_sko@bk.ru электронды поштаға немесе МОИП-тың g.zhusalina@kyzmet.gov.kz мекен-жайына «Байқау» белгiсiмен жiберiледi.

4. Жеңiмпаздардың марапатталуы

4.1. Жеңiмпаздар дипломдармен марапатталады.

4.2. Байқау қорытындысы және жеңiмпаздары туралы ақпарат БАҚ және Департаменттiң ресми сайтында орналастырылад

Дата публикации
19 сентября 2023
Дата обновления
19 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
Инвестиционные портфели пенсионных активов под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 июля 2025 года
31 июля 2025
Пенсионные накопления казахстанцев превысили 24 трлн тенге
31 июля 2025
С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освободят от ИПН

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы