Лого

Меню

Страницы

Статья

Выступление акима области Н.Налибаева на праздничном мероприятии в честь 7 мая - Дня защитника Родины

Ардақты ардагерлер!

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын қос мереке.

Халқымыздың «Ер – елінің қорғаны», «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» деген өмірлік мәні жоғары тәмсілдері бар. Қос мерекенің қатар келуі де тарихи заңдылық тәрізді.

Мемлекет туған жері үшін аянбай еңбек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш ұл-қыздарымызды жан-жақты қолдауға айрықша мән беріп келеді.

Перзент парызы – Отанды қорғау болса, мемлекет міндеті – еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайта түсу.

Армия – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі.

Қазіргі қуатты Қазақстан экономикалық, гуманитарлық мүмкіндіктерімен ғана мәртебелі емес, әскери әлеуеті де мықты елге айналғанымыз шындық.

Ата бабадан мирас болған ұлан асыр Ұлы даланы қорғап, антына адал, міндетіне жауапты жауынгерлеріміздің биік рухымен жастар бой түзейді.

Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі марапаттау рәсімінде: «Қазақ – даңқты тарихын ат тұяғымен жазған халық. Біз ұлан-ғайыр жерін жауға бастырмаған батыр елдің ұрпағымыз.

Алапат соғыста жеңіске жеткен қаһарман ерлердің ізбасарымыз. Қазір еліміздің күштік құрылымдары Қазақстанның қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп тұр. Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы. Өмір жолын әскери қызметке арнаған мамандардың кәсіби міндеті» - деген болатын.

Бүгінде Қазақстан армиясын сапалық тұрғыда жетілдіру міндеттері аясында жеке құрамның кәсіби шеберлігі мен білім-біліктілігін арттыру үдерісі жандануда.

Кәсіби шеберлігі ерекше, жауынгерлік әзірлігі мен қабілеті жоғары армия – ұлттық қауіпсіздігіміз бен мемлекет мүддесін сенімді қорғау тірегіне айналуда.

Ел қауіпсіздігін сақтауда сіңірген еңбегі өлшеусіз азаматтарды атап өткен артықтық етпейді.

Біз өңірге қатысты өнегелі істерді әрдайым үлгі етуге тиістіміз.

Өткен жылы Қызылорда облысының полиция департаментінің басшысы генерал-майор шенін алған болатын, бүгін Елорда төрінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы Болат Аюбайұлы Қалмырзаевқа және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болған Мұрат Секешұлы Қарымсақовқа генерал-майор шендері Мемлекет басшысының қолынан табысталды.

Бұл Президентіміздің облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесіне берілген лайықты баға деп білеміз.

Отан алдындағы мінсіз қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталып, жоғары әскери шендерге ие болған, Сыр елінің абыройын асқақтатқан барлық әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз.

Құрметті қауым!

Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы – шежірелі шындық.

Олардың майдан даласындағы ерен ерліктері бүгінгі ұрпақтары үшін нағыз өнеге, тәлім-тәрбие.

        Ел намысын өз тағдырынан жоғары қойып, жауынан жасқанбай, қарсыластан тайсалмай, қадір-қасиетін сақтаған қазақтың қазіргі ұрпағы да ел еңсесін биік, шекарасын берік ұстауға, халқы тыныш болуы үшін қолдан келгеннің бәрін аянбауға дайын.

Тәуелсіздігіміз бен тату-тірлігімізді, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! 

Саналы өмірін саптағы сарбаз ісіне арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген азаматтарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Құрметті Отан қорғаушылар, ардақты ардагерлер!

Сіздерді мерейлі мереке – Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күндерімен тағы да шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз еліміздің мұрат-мүддесі жолындағы игі істеріңізге табыс тілеймін.

Еліміздің айбынын асқақтатар ер-азаматтарымыз әрдайым абырой биігінен көріне бергей.

Тәуелсіз Қазақстан жасасын!

Рақмет!

Дата публикации
10 мая 2023
Дата обновления
10 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Пресс-релизы
21 октября 2026
ПРЕСС-РЕЛИЗ к проекту решения Кызылординского областного маслихата
Пресс-релизы
21 октября 2026
ПРЕСС-РЕЛИЗ к проекту решения Кызылординского областного маслихата
Информация
21 октября 2026
Итоги социально-экономического развития Кызылординской области за январь-сентябрь 2026 года

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы