Лого

Меню

Страницы

Статья

Выступление акима области Н.Налибаева на праздничном мероприятии в честь 1 мая - Дня единства народа Казахстана

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды ырысты ынтымағымыз бен тұрақты татулығымызды дәріптейтін 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

        Бірлік қашаннан қасиетті сөз, қастерлі ұғым.

        “Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле”, дейді дана халқымыз.  

Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, татулығы бірлігіне тыныс берген біртұтас еліміздің маңызы мол мейрамы.

Ауызбіршілік пен сыйластық, түсіністік үстем болған жерде кез келген істің нәтижелі болары сөзсіз.

Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры осында деп айтуға әбден болады.  

Мазмұны терең бұл мереке - Отанымызға деген сүйіспеншілікті, қазақстандық патриотизмді, елге деген адалдық пен азаматтықты қалыптастырушы күшке ие.

Ұлы мақсаттарды ұлықтаған, достыққа құшағын айқара ашқан Қазақстан бүгінгі жаһандану дәуірінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім мандатын артып, дамудың жаңа көшін бастады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты 32 сессиясында «Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі.

Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар.

Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік!», - деп елдегі тұрақтылық пен келісімнің негіздерін атады.

Ел тарихындағы талай қилы заманда да халқымыз бірліктің ерен үлгісін, дархандықтың төресін көрсете білген.

Белі бүгіліп келгенді баурына басып, қамығып келгенді құшағына алған, ашығып келгенге соңғы асын ұсынған.

Осындай ақ пейіліміз бен ізгі ниетіміз бізді бірлігі бекем бейбіт ел етті.

Бүгінде елімізде 130-дан астам, облысымызда 35 ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Олар Әділетті Қазақстанның қалыптасып, өсіп-өркендеуіне, бәсекеге қабілетті болуына аянбай еңбек етуде.

 Айналамызда болып жатқан жағдайларға зерделей қарасақ, бейбітшілік пен тыныштықтың қадірі арта түсері анық. Сондықтан да біз бірлігімізді болаттай берік сақтауымыз қажет.  

 Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз Сыр өңірінде серпінді істердің сәтті жүзеге асып, іргелі облыстардың қатарынан көрінуіне сеп болуда.

 Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмыла білуіміздің арқасында ортақ мүдде жолындағы қиындықтарды қайыспай көтеріп, қуанышымызды бірге бөлісіп, ақ ниетімізді, асыл қасиеттерімізді танытып келеміз.

Бұл - тілі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір жұртымыздың айнымас бірлігінің дәлелі.

 

Ардақты ағайын!

Қазіргідей алмағайып заманда біз үшін ең маңыздысы - халықтың бірлігі мен елдің тәуелсіздігін көздің қарашығындай сақтау.

Ауызбіршілікті ту еткен, рухы мықты, бабалар аманатына адал қазақ елінің тұғыры – тыныштық, тірлігі – тұрақтылық, тілегі – татулық.

Әрбір азаматты Әділетті Қазақстанның құрылысшысы болуға шақырамын!

Біздің күш-қуатымыз – бекем бірлікте!

Бір-бірімізге деген сеніміміз шынайы, пейіліміз ақ, көңіліміз кең болсын!

Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық болғай!

        Мереке тағы да құтты болсын!

Дата публикации
04 мая 2023
Дата обновления
04 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Пресс-релизы
21 октября 2026
ПРЕСС-РЕЛИЗ к проекту решения Кызылординского областного маслихата
Пресс-релизы
21 октября 2026
ПРЕСС-РЕЛИЗ к проекту решения Кызылординского областного маслихата
Информация
21 октября 2026
Итоги социально-экономического развития Кызылординской области за январь-сентябрь 2026 года

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы