Лого

Меню

Страницы

Статья

Выступление акима области на экоакции по посадке деревьев

 «Наурыз жаңару» экологиялық акциясы

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен  шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – Жер-Ананы қайта түлеткен, тыныс-тіршілікті оятып, жаңартып-жаңғыртқан, күн менен түнді теңелтіп, табиғат әлемін жасартқан, Самарқанның көк тасына дейін еріткен жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы.

Наурыз мейрамы – жаңарған Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісін, ертеңі мен болашағын жалғастыратын басты мерекесі.

Тарихи тамырын тереңнен тартқан әз-Наурыз қай кезеңде, қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Жақсылықтың бастауы болған жаңа жылды толайым табыстармен бастадық.

Биыл елдің берекесі мен ырыс-несібесіне орай Сырдарияға жоғарыдан мол су түсіп, айдынды Арал суы  молайды, теңіз қайта түледі.

Бұл Сырдың суы күретамырына айналған өңір халқы үшін  зор қуаныш.

Ардақты ағайын!

Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жаңадан ашылған «Достық» аллеясы жанынан ел ағаларымен, белсенді жастармен бірге «Наурыз жаңару» экологиялық акциясында бас қосудамыз.

«Бір тал кессең – он тал ек» деген дана бабаларымыз Наурыз мейрамын, ең алдымен, бұлақтардың көзін ашып, ағаш отырғызудан бастаған.

Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ, ауланы тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған.

Тал егу арқылы жас ұрпақ санасына табиғат-анаға деген сүйіспеншілік дәнін егіп, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамиты­нын ұғындырған.

Мемлекет басшысының «Бірге: Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізу тапсырмасына сәйкес, жыл сайын облыс аумағында наурыз айының алғашқы он күндігінен бастап тазалық, көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Халқымызда «Мың шыбық шаншып өсірсең, хал­­­қыңа орман  сал­ға­ның. Халқыңа орман сал­ғаның, өзіңе қорған салғаның» - деген дана сөз бар.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында «бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде
15 миллион ағаш отырғызу қажет»
- деп, экологиялық ахуалды жақсартуға басымдық берген болатын.

Өткен жылы облыс аумағында 160 мың түп ағаш отырғызылса, биыл біз 220 мың түп ағаш егуді жоспарлаудамыз.

Әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саяласа, осының өзі үлкен сауапты іс деп білеміз.

Бүгінгі тазалық, көркейту-көгалдандыруға бағытталған шарамызды «Наурыз - жаңару» деп атауымыздың өз мәні бар.  

Бұл шараға барлық мемлекеттік мекемелер, кәсіпорын ұжымдары мен ерікті тұрғындар қатысып, тазалық акциясына өз үлесін қосуға жиналды.

ардагерлер кеңесінің төрағасы;

Біз биылдан бастап экологиялық шараларға, көркейту көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына белсенді араласқан  «Үздік аудан орталықтарын», «Үздік ауылдарды» және «Үздік мөлтек аудандарды» конкурс арқылы анықтап, жеңімпаздарға арнайы көліктер мен түрлі  құрал-жабдықтарды табыстаймыз.

Бұл, ел азаматтарына, туған жеріне жанашыр перзенттерге зор ынта болады деп есептейміз.

Қадірлі қауым!

Туған жерге, өз қаламызға жанашырлықпен қарап, қамқорлық таныту – перзенттік парызымыз.

Тазалық, тәртіп жарасымдылық тапқан жерде еңбек те өнімді болып, адамдардың да көңіл-күйі жақсара түседі.

Егер әрбір азамат өз ауласына, үйінің іргесіне не  көшенің бойына көшет отырғызса, қаланың жайқалуына үлкен үлес қосқаны болады.

Бабаларымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» - деп, ұрпағына өнеге қалдырған. Бүгінгі баршамыз еккен талымыз көркейіп, өсіп, тұрғындарға саясын, көлеңкесін төге берсін.

Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!

Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болғай!

Дата публикации
13 апреля 2023
Дата обновления
13 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Пресс-релизы
21 октября 2026
ПРЕСС-РЕЛИЗ к проекту решения Кызылординского областного маслихата
Пресс-релизы
21 октября 2026
ПРЕСС-РЕЛИЗ к проекту решения Кызылординского областного маслихата
Информация
21 октября 2026
Итоги социально-экономического развития Кызылординской области за январь-сентябрь 2026 года

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы