Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының «ақылды ұлт» үшін 10 «Ақылды қалалар» міндетін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Ақылды» қалалар салуға әдістемелік ұсынымдар (Қазақстан Республикасы «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) (бұдан әрі – Эталондық стандарт) бекітілсін.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне «ақылды» қалалар салу кезінде осы эталондық стандартты пайдалану ұсынылсын.
- Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Өңірлермен өзара іс-қимыл департаменті:
- Эталондық стандартқа сәйкес «ақылды» қалалардың бастамаларына жыл сайын бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін;
- осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырсын.
- «Ақылды» қалаларды (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) салуға әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы
10 шілдедегі № 152/НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин
Согласовано
29.06.2022 17:39 Жамбакин Аскар Серикович
29.06.2022 17:39 Уаисов Асет Уланович
Подписано
30.06.2022 20:02 Мусин Багдат Батырбекович