
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы хабарламасы
2022 жылы 3 шілдеде Жалағаш ауданының Ақсу, Жаңаталап ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9)тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының нәтижелерін анықтады:
Ақсу ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Ақсу сайлау округі бойынша:
сайлаушылар тізіміндегі 1004 адамның 678-і дауыс берді,
жарамсыз бюллетеньдердің саны -26,
«Бәріне қарсы» дауыс берген -0.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Әбсаттаров Ж.С. - 5
Сулейменов Г.К. - 242
Шилдебаев М.Т. - 403
Ідірісов Р.Б. - 2
Дауыс беру нәтижесімен Ақсу ауылдық округінің әкімі болып Шилдебаев Марат Тныштыкбаевич сайланды, 1966 ж.т., «Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ статисті, ұлты қазақ, Жалағаш ауданының Ақсу ауылында тұрады.
Жаңаталап ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Жаңаталап сайлау округі бойынша:
сайлаушылар тізіміндегі 439 адамның 377-і дауыс берді,
жарамсыз бюллетеньдердің саны -1,
«Бәріне қарсы» дауыс берген - 0.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Абдикалыков К.Б. - 297
Көшеров А.Қ. - 38
Шынжыров Б.С. - 41
Дауыс беру нәтижесімен Жаңаталап ауылдық округінің әкімі болып Абдикалыков Қуаныш Боранбекович, 1974 ж.т., «Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкімі, ұлты қазақ, «AMANAT»партиясының мүшесі, Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында тұрады.