
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 1 шілдедегі №АСК-01/179 қаулысымен М.Шәменов ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі осы ауылдық округтің шекарасында М.Шәменов сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 1 шілдесіндегі № АСК-01/180 қаулысымен М.Шәменов ауылдық округінің әкімінің сайлауы 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалды.
М.Шәменов ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 2 шілдесінен басталады және 2022 жылдың 15 шілдеде, сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2022 жылдың 20 шілдесінде , сағат 18.00-де аяқталады.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:120200, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, №32, Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты, байланыс телефоны: 31-7-19, 31-4-04, электронды поштасы jalsay2019@mail.kz, интернет-парақшасына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/activities/2776?lang=kk
Сайлау комиссиясының құрамы: Бекжанов Бауржан Сұлтанұлы- төраға, Бекмолдаев Өмірбек Кариұлы- төраға орынбасары, Қожақұлова Даша Нұрмұратқызы- хатшы, комиссия мүшелері: Бектаева Акбөпе Алмасқызы, Жанабергенов Мұрат Қайнашұлы, Кенжеғара Ержас Темірханұлы, Кұлымбаева Асия Мырзабекқызы.
№ 133 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: М. Шәменов ауылдық округі, М. Шәменов ауылы, Бұқарбай батыр көшесі №6, М. Шәменов ауылдық округі әкімі аппаратының “М. Шәменов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Телефоны: 8 (724 31) 37–6–06, эл почта: zhalsay133@mail.kz
Сайлау комиссиясының құрамы: Ералиева Гүлнар Байдосқызы- төраға, Есетов Кенжебек Сарбасұлы – төраға орынбасары, Досжанов Ерболат Бақытжанұлы – хатшы, комиссия мүшелері: Сейтжанова Тамара Қожамұратқызы, Құрманбаев Тәліп Мұханбетқалиұлы.