Лого

Меню

Страницы

Статья

Отчёт Общественного Совета Жалагашского района о проделанной работе в 2021 году

Қоғамдық Кеңес қызметінің жылдық есебі

 

Қоғамдық Кеңес қызметінің басты мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша әлеуметтік ортаның пікірін білдіру, аудандық бюджеттің жобаларына қоғам атынан баға беріп, олардың орындалуын, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін тыңдау, аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынылатын нормативтік-құқықтық актілер жобасының азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне сәйкестігін зерделеу.

Жалағаш ауданының Қоғамдық Кеңесі 2019 жылдың 21 ақпанында құрылды. Кеңес құрамында әртүрлі қоғамдық, коммерциялық ұйымдардан, бірлестіктерден, мемлекеттік органдардан ұсынылған 11 мүшесі бар және олар 3 жыл мерзімге сайланды. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 6-тармағына сәйкес биылдан бастап Қоғамдық  кеңестің  қызметінің ұйымдастырушылық жұмыстарын   аудандық  мәслихат  жүзеге  асырып келеді.

Жыл басынан бері  Жалағаш  ауданының  Қоғамдық  кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес он бес отырысы өткізіліп, барлығы қырық бір мәселе қаралды. Оның ішінде негізінен:

 Аудан әкімі  А.Шаменовтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі тыңдалып,  Кеңес мүшелері тарапынан аудан әкімінің атқарған жұмыстарына оң баға берілді. Атқарушы органның аудан экономикасын көтеру мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда әлі де атқарар  жұмыстары  бар екендігі айтылды.

 Кеңестің төртінші отырысында аудан тұрғындарының шағымдарына сәйкес мекемелердің, жеке тұрғын үйлердің кәріз құдығынан (септик) тартылған тұрмыстық сарқынды сулардың және коммуналдық қалдықтардың арнайы белгіленбеген орындарға төгу, шығару жөніндегі мәселе талқыланды. Аталған мәселеге кент әкімі Г.Телібаев Кеңес мүшелерінің алдында есеп беріп, туындаған сұрақтарға жауап берді. Отырыс барысында кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселені жан-жақты зерделеп, талқылай келе халықтың наразылығын тудырмас үшін, атқарушы билік өкілдеріне тез арада орнын белгілеп орталықтандырылған кәріз жүйесін салуды, оның барар жол мәселесін шешуге қаржы қарап  шешуді тапсырды.

Сонымен қатар, ауданда Covid-19 коронавирусына қарсы атқарылған іс-шаралар бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері  Е.Мақсұтовтың баяндамасы тыңдалды.

Сондай-ақ, Қоғамдық Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес аудан көлемінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы Т.Лекеровтың атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Есеп беру барысында Ішкі істер бөлімінің басшысына кеңес мүшелері С.Алиев, Қ.Нұрмағамбетов, Қ.Мұстафаевалар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, қоғамның қауіпсіздігін арттыру мақсатында ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Полиция басшысы өз сөзінде қылмыспен күрес бағытында айтылған ұсыныстарды назарға алып, қоғам тарапынан полицияға сенім деңгейін арттырып, азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға  жұмыс  жасайтындығын  айтты.

Кеңес мүшелерінің ұсыныстары бойынша интернеттің жылдамдығын арттыру жөнінде мәселеге байланысты «Қазақтелеком»-АҚ-ның желілік  техникалық  учаскесінің басшысы Қ.Әлібековтың есебі тыңдалды. Сала басшысына Кеңес мүшелерінің ауылдық елді мекендерде интернет  жылдамдығына көңілдері толмайтындықтарын, IDTV-тарифінің тым қымбат екенін қарапайым халық төлей алмайтындығы туралы айтылды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес отырыстарында аудандық бюджетті қалыптастыру мәселелері қаралып аудан бюджетіне үш рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Кент, ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау туралы мәселелер қаралып Кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескерілді. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларына тиісті ұсынымдар берілді.

Жыл ішінде облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлескен «Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдағы рөлі мен қызметінің тиімділігін арттыру» бойынша семинар және «Қоғамдық кеңес – өзекті мәселелерді талқылау алаңы» тақырыптарында  үш мәрте дөңгелек үстелдер өткізілді. Кеңестің барлық  отырыстарына,  қаралатын мәселеге жауапты  аудан әкімінің орынбасарлары қатысып келеді.

 Қорыта келе – қоғамдық дамуда, мемлекеттік өркендеуде демократия принциптерін ұстанған еліміздің индустриялық-экономикалық, шаруашылық-өндірістік, тұрмыстық-әлеуметтік және мәдени-рухани жағынан дамуына, қоғамдық татулық пен келісімнің кемелденуіне, қоғамдық ішкі тәртіптің сақталуына бағытталған жұмыстарға әлеумет атынан азаматтық бақылау жасау институты – Қоғамдық кеңестердің атқарар жұмыстары жалғаса бермек.

 

Жалағаш ауданының  Қоғамдық кеңес төрағасы  К.Сүлейменов

Дата публикации
24 декабря 2021
Дата обновления
24 декабря 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
22 октября 2026
Отчет о проделанной работе за 9 месяцев 2026 года
Информация
22 октября 2026
Аналитическая справка по рассмотрению обращений физических и юридических лиц по итогам 3 квартала 2026 года в Жалагашском районе
Направления
21 октября 2026
Места размещения агитационных печатных материалов

Социальные медиа

instagram
facebook
youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы