Ауыл шаруашылығы бөлімінің 2020 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстары туралы
Көру саны:19
Егін шаруашылығы
2020 жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 36 731 га егiс егу жоспарланып, уақытылы агротехникалық талаптарға сай орналастырылды.
Оның ішінде негізгі дақыл күріш 21600 га, жаздық бидай 507 га, мақсары 1757 га, жаңа жоңышқа 3715 га, ескі жоңышқа 6452 га, картоп 500 га, көкөнiс 1000 га, бақша 1 200 гектар.
|
№ |
Дақыл атауы |
Егіс көлемі, га |
Айырмасы |
||
|
2020 жыл |
2019 жыл |
||||
|
1 |
Күріш |
21 600 |
21 800 |
-200 |
|
|
2 |
Жаздық бидай |
507 |
306 |
+201 |
|
|
3 |
Жаздық арпа |
- |
50 |
-50 |
|
|
4 |
Мақсары |
1757 |
2 200 |
-443 |
|
|
5 |
Жаңа жоңышқа |
3 715 |
3530 |
+185 |
|
|
6 |
Ескі жоңышқа |
6452 |
6079 |
+373 |
|
|
7 |
Картоп |
500 |
500 |
|
|
|
8 |
Көкөніс |
1 000 |
1 000 |
|
|
|
9 |
Бақша |
1 200 |
1 200 |
|
|
|
Барлығы |
36 731 |
36 665 |
+66 |
||
2020 жылдың егісі үшін қажетті 5500 тонна күріш тұқымы дайындалып, себілді. Оның ішінде Янтарь 588 тн, Лидер 4904 тн, Маржан 8 тн.
Ағымдағы жылдың егісіне қажетті 13105 тонна минералдық тыңайтқыштар (аммоний сульфаты 6500 тн, карбамид 2640, аммофос 3200, фосфор ұны 765 тн) мен 22040 литр гербицид (гулливер 640 кг, топшот 2700 литр, солито 1200 литр, рейнбоу 15150 литр, номини 2350 литр) уақытылы жеткізіліп, егісттіке себілді.
Егілген 507 гектар бидай толық жиналып 306 тн (орта өнім 6,04 ц/га, 2019 жылы орта өнім 11,1 ц/га) өнім алынды. 1757 гектар мақсары толық жиналып 1493 тн (орта өнім 8,5 ц/га, 2019 жылы орта өнім 6,7 ц/га) өнім жиналды. 3715 гектар жаңа жоңышқа толық жиналып 4198 тн (орта өнім 11,3 ц/га, 2019 жылы орта өнім 10,6 ц/га) өнім алынды. 6452 гектар ескі жоңышқа орымы толық аяқталып 34776 тн (орта өнім 53,9 ц/га, 2019 жылы орта өнім 45,3 ц/га) өнім алынды.
Бекітілген кестеге сәйкес егін ору жұмыстары 25 тамыздан 5 қазанға дейін, ал күрішті бастыру жұмыстары 27 тамыздан басталып 10 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланды.
Бүгінгі күнге (06.10.2020 ж. ақпар) 21600 гектар күріштің 19997 гектары (93,0%) күріш орылып, 18825 гектары (87,0%) бастырылды. 2019 жылы науқан қортындысымен әр гектардан алынған орта өнім 63,8 центнер болса, биылғы жылы 65,3 центнерден өнім алынады деп межеленуде.
Аудандағы күріш саласындағы ірі кәсіпорынның бірі «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС. Ағымдағы жылы облыс бойынша 42 шаруашылық субъектілерімен 1 032,2 млн теңге қаржыға немесе 14 745,7 тн қара күрішке фьючерстік келісім шарт жасасса, оның ішінде аудандағы 22 шаруашылықпен 364,1 млн теңге қаржыға немесе 5 201 тн қара күрішке фьючерстік келісім шарт жасасты (2019 жылы облыстағы 22 шаруашылықпен 14 087 тн қара күрішке фьючерстік келісім жасалған).
Күзгі егін жинау және дала жұмыстарына мемлекет тарапынан 2398 тн бөлініп отыр.Шаруашылық басшыларының жазбаша ұсыныстарына сәйкес «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС және «РК-Мұнай» ЖШС дизель отынын жеткізіп беруші оператор ретінде таңдалды. «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС 962 тн және «РК-Мұнай» ЖШС 1436 тн. Бүгінгі күні 1 литр дизель жанармайы 165 тг жеткізіліп берілуде.
Мал шаруашылығы
2020 жылдың 1 қыркүйегіне Жалағаш ауданы бойынша МІҚ – 36 824 басты (100,8 пайыз), жылқы –13 444 басты (107,4 пайыз), түйе – 581 басты (111,5 пайыз), қой-ешкі – 45126 басты (96,0 пайыз), шошқа –262 басты (101,2пайыз), үй құстары – 9798 дананы (103,3 пайыз) құрады.
Ауданда 106 шаруашылық мал шаруашылығымен, оның ішінде 88 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасымен айналысуда.
Аудан көлеміндегі асыл тұқымды МІҚ малының үлес салмағы 2,0 %, жылқы 0,16 %, қой 24 % жетті.
2020 жылы индикативтік жоспарға сәйкес 265 бас импорттық мүйізді ірі қара малын сатып алу (ауданға «Агронесие корпорациясы» АҚ-нан несиеге 200 млн тенге қаржы бөлінген), 5000 бас қой малын сатып алу, 1007 бас бұқашықты мал бордақылау алаңына өткізу және мүйізді ірі қара аналығының 5755 басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру белгіленді.
Осы көрсеткіштерді орындау мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда.
Таң ауылдық округінен «АгроЛидерТан» ЖШС 200 бас, «Қайсар-СМ»ФҚ 300 бас Ресейден асыл тұқымды «қалмақ» сиырын сатып алуды жоспарлауда.
5000 бас қой малын сатып алу жоспары қазіргі таңда 20% орындалып тұр.
Анықтама үшін Қаракеткен ауыл округінен «Жанель» шаруа қожалығы «Ауыл КТ» серіктестігі ЖШС-нан 37,5 млн тенге несие алып 740 бас қой малын және шаруашылыққа қажетті трактор сатып алып жұмыс жасауда.
Жанаталап ауыл округінен «Махамедияров» ЖК «Ауыл КТ» серіктестігі ЖШС-нен 7,0 млн тенге несие алып алынған несиеге 88 бас жергілікті қой және асыл тұқымды қошқар сатып алу жұмыстарын жүргізуде.
Таң ауылдық округінен «Ізбасов»ЖК 200 бас асыл тұқымды «гиссар» қойын өз қаражатымен Алматы облысынан сатып алуды жоспарлап отыр. (бүгінгі күнге 70 басын сатып алған.)
2020 жылдың 9 айында «Сыбаға» бағдарламасы аясында 25 шаруашылық 76 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Тұқымдық түрлендіруге қатысқан МІҚ аналығы 3406 бас, жоспар есепті мерзімге 19 % орындалды.
Мал шаруашылығы өнімдері есепті мерзімде ет өндіру 0,9 пайызға, сүт өндіру 0,5 пайызға, жұмыртқа 1,6 пайызға, қойдан қырқылған жүн 1,9 пайызға артты.
Ауданда 3 шаруашылық асыл тұқымды МІҚ малын өсірумен, 2 шаруашылық ет бағытындағы асыл тұқымды қой өсірумен айналысады. (Бақдаулет-57»ШҚ, «Адал» ЖК, «Қиясов Еркебұлан» ЖК, «Туған жер» ШҚ)
2019 жылы «Бақдаулет-57» ШҚ-нан 127 бас ет бағытындағы қой малы Иран Республикасына экспортталды. (әр тоқтының сатылу бағасы 24800тенге)
Техника
Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді, ағымдағы жылы 2212,3 млн. теңге қаржыға 71 жаңа техника сатып алынды (оның ішінде өз қаржысына 29 техника 510,2 млн теңге, «ТехноЛизинг» ЖШС арқылы 6 техника 358,8 млн теңге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 36 техника 1111,0 млн теңгеге алынды). Жаңадан алынған техникалар уақытылы статистика органдарына тіркелуде. /2019 жылы 49 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Құны 1,84 млрд. теңге/.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында күзгі егін жинау жұмыстарына қатысатын барлығы 994 ауыл шаруашылығы техникалары бар. Оның ішінде 426 трактор, 245 комбайн, 108 жатка,53 жүк көлігі және 162 тіркемесі бар. Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы техникаларының 100 % жөндеуден өткізілген.
08 қазан 2020
08 қазан 2020