Аудандық білім беру саласы бойынша 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Мектепке дейінгі ұйым  

Ауданда  38 мектепке дейінгі ұйымда (10 мемлекеттік,  жеке балабақша 27, 1 шағын орталық)  2483 бала тәрбиеленуде ( МАД-595 ).    Қамтылу көрсеткіші 3-6 жас 1871  бала 100%, 2-6 жас  2483 бала 93,1 %.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және талаптардың сақталуы мен қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету үшін жоспарлы мониторинг жүргізіліп отырады.            Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі комиссиялардың құрамы білім бөлімі басшысының бұйрығымен бекітілді.            Ережеге сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарды тізбеге енгізуді конкурс комиссиясының хаттамасы негізінде білім беру бөлімдері жүзеге асырып,  білім бөлімінің әлеуметтік парақшасына хабарландырулар жарияланып отыр.Мемлекеттік білім беру тапсырысы 935 орындық 11 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға, 2040 орындық 27 жекеменшік балабақшаға орналастырылған.

2026 жылы 1 балаға мемлекеттік тапсырыс сомасы әдістеме бойынша ауылда ЖБ-51836 теңге теңгені құрап отыр. Ата-ана төлем 5000-нан 7000-ға дейін.

Балабақшаларда  консультациялық пункттер ашылып, балалары балабақшамен қамтылмаған 51 ата-анаға тұрақты кеңестер берілді.

МДҰ жұмыс жасайтын 334 педагогтардың (жоғары-215, арнаулы-119) 9-зерттеуші (1,8 пайыз), 58-сарапшы (11,6 пайыз)  110-модератор санатында (33,1 пайыз), санатсыз-157) 2025 жылы 37  педагог курстан өткізілді.

Инфрақұрылым бойынша, материалдық база

2025 жылы жәй жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы 71202,0 мың тг.

Реновацияға енген Мырзабай ахун ауылы №122 орта мектеп  (мектеп ғимарат сырты қапталады,  есіктері ауыстырылады, 2 этаж дәліз кафель ауыстыру жұмыстары жасалады, жылу жүйесі ішінара, электр желілері, су құбырлары ауыстырылады, ауласына абаттандыру жұмысы жасалады, пән кабинеттері, дәліздері сыланып, боялады) Қаралған қаржысы 200,0 мың теңге.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының брендингі және білім беру ұйымдарын безендеру дизайн қалыптастыру бойынша Брендбук жобасына орай 4 млн 400 мың теңге  қаралып Бұқарбай батыр ауылындағы №33 мектепке (1 млн 900 мың), Еңбек ауылына №232 мектепке (1 млн), кент орталығындағы №31 мектеп гимназиясына (1 млн 500 мың) безендіру жұмыстары жасалды.

Цифрландыру бойынша мектептердің барлығы интернет желісіне қосылған. Компьютерлер  паркі 100% жаңартылған.

Барлық мектептер «BilimLand» электронды платформасына қосылған. Бүгінгі күнге мектептердің 90 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.

2025 жылы цифрландыру бағытында «Қазақстан халқына» қоры есебінен  200 млн қаржыға 7 мектептің 3 пәндік кабинеттері жабдықталуда. Бұқарбай ауылы №33 мектеп, Мәдениет ауылы №32 мектеп-лицей, Т.Жүргенов ауылы №117 мектеп, Аққум ауылы №38 мектеп, Жалағаш кентінде орналасқан №202,246 мектептер.

Қауіпсіздік бағытында  100 пайыз бейне бақылау жүйесімен қамтылған. 20 мектеп полиция бөлімімен интеграция жасалған.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына (10 мемлекеттік балабақша), қосымша білім беру ұйымдары Оқушылар Үйі, Өнер мектебі, «Ақтерек» сауықтыру лагеріне  53 млн 592 мың теңгеге бейне камералар орнатылды. Дабыл түймесін орнатуға 6 млн 215 мың теңге қаралды.

Жол картасының 82 - тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытталған сәйкестендіру карточкалары жүйесімен қамтылған мектептер үлесі 50 % құрауы тиіс. Осы бағытта 3,5 млн теңге қаржы бөлініп, 2 мектепке (№246,31) аппараттық бағдарламалық кешен орнатылды. Бүгінгі таңда 5 мектепке ақпараттық бағдарламалық кешен орнатылды. Барлық мектептер интернет желісіне қосылған (11 мектеп «Транстелеком» АҚ, 9 мектеп «Қазақстелеком» АҚ  арқылы жұмыс жасайды.   

Оқу- әдістемелік кешен

Мектеп кітапханалардағы  барлық кітап қоры-  493 520 дана. Оның ішінде қазақ  тілінде-269 818 дана, орыс тілінде-18595 дана. Оқырмандар саны-8114 адам. Көркем әдебиеттер саны -195 636 дана оның ішінде  балалар кітапханасы 4546 дана. 17717  дана электрондық оқулықтар. Жыл сайынғы қордың өсуі-55379 дана.

 2026 жылға  оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне барлығы облыстық бюджеттен 101302,0 теңге қаржы бөлінді, қазіргі таңда тиісті  баспаларға сұраныс жасалуда.

 

Орта білім

20 мектепте 6885 оқушы білім алуда.

1-класқа қабылдау механизмі Еgov.kz электронды үкімет порталы арқылы  27 мамыр мен 1 тамыз аралығында мектепке қабылдау жұмыстары жүргізіледі.

Білім алушылардың білім жетістігін мониторингілеуге (МОДО) 2025 жылы  4 мектеп (№115,188,203,232) қатысса, 2026 жылы 6 мектеп бойынша 4-9 сыныптар (№123,118,117,33,122,124 мектептер) қатысады.

2024-2025 оқу жылы бойынша  PIZA халықаралық зерттеуіне 2 мектептен (№201-41 оқушы, №246-38 оқушы)  барлығы 79 оқушы қатысты, 2026 жылы PIRLS халықаралық зерттеуіне №246 мектеп (4 сынып бойынша 14 оқушы) қатысады.

2026 жылғы ҰБТ-ге  аудандағы 467 бітірушінің 398-ы, яғни 85,4 пайызы қатысу жоспарлануда.  

«Жас дарын» олимпиадалық резерв бойынша 150-ден астам оқушы қамтылды. Жалпы білім беретін пәндердің мұғалімдерімен облыстық және республикалық пәндік олимпиада тапсырмаларын талдау жұмыстарын жүргізу үшін «Олимпиада күнделігі» жобасы енгізілді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша  «Қамбаш» Олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтары базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары 3 кезең бойынша 96 (64%) оқушымыз дайындық курстарынан өтті.   Түрлі танымдық байқауларға облыстық деңгейде  300-ден астам оқушы қатысып 182 орын (46%), ал республикалық деңгейде 29   жүлделі орын еншіледі.

2025-2026 оқу жылының  Республикалық Ауыл мектептеріне арналған олимпиадаға облыстық кезеңге 106 оқушы қатысып Республикалық кезеңге 22 оқушы жеңімпаз атанып жолдама алды. Республикадан 8 оқушы 3 Алтын медаль жүлделі І орын, 2 оқушы Күміс медаль ІІ орын, 3 оқушы  Қола медаль, ІІІ орын иеленді.

Педагогтардың кәсіби даму

Мектеп директорларының сапалық құрамы біліктілік санаттары бойынша 11 педагог-зерттеуші, 9 педагог-сарапшы.Басшылық деңгей бойынша 2 мектеп директоры І ші деңгей, 10 мектеп директоры «басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», ІІ-ІІІ деңгей біліктілік санаттары бар (60%).

Ауданда 20 мектепте  429 класс жиынтығында 6885 оқушы білім алуда. Оларға 1255 мұғалім сабақ береді. Педагог - қызметкерлердің 1221-і жоғары білімді, 34-ы арнаулы орта білімді. Біліктілік санаты бойынша 313-і жоғары ( 24,9 пайыз), 375-і педагог-сарапшы санатында болса (29,8), 400-і педагог-модератор санатты педагогтар (31,8 пайыз). 

Біліктіліктері бойынша кезең-кезеңде курстан өткізілуде                        2025 жылы   257 педагог, 15 мектеп директоры, 44  мектеп директорының орынбасарлары біліктіліктен өткізілді.

Ауданда 1258 педагогтың магистр дәрежесі бар педагогтар саны-88 (6,9%).

Тәрбие жұмысы

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы басшылыққа алынып жұмыс жасалуда.

Барлық білім беру ұйымдарында оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылар арасында белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, ұлттық құндылықтар мен рухани-адамгершілік тәрбиені насихаттау жұмыстары жүзеге асырылуда.

«Мектеп парламенті» өзін өзі басқару ұйымы 3048 оқушы, «Мектеп театры» жобасына 180 оқушы,«Дебат» ойындары 88 оқушы,  «Оқуға құштар мектеп» жобаларымен 2789 дан астам оқушылар қамтылды.

 «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Өзіңе және өзгеге жақсылық жаса», «Ғаламтор қауіпсіздігі», «Еңбегі   адал жас өрен»,«Тоғыз  айға  9 іс-шара», «Төрт тоқсан- төрт өнер», «Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы,  «Балаларкітапханасы» жобалары бойынша былтырғы оқу жылында нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

Жоба аясында 150-ден астам шаралар өткізіліп, 4000-нан астам оқушылар қамтылды «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары»  ашылып, ай сайын психологиялық-педагогикалық білім беру сабақтары ұйымдастырылды. Шараға 1800-ден астам ата-аналар қамтылды.

 «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты құндылыққа негізделген тәрбие жұмысы басшылыққа алынып жұмыс жүруде. Білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту мақсатында сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде  «Қамқор»,  «Еңбегі адал жас өрен»,  «Шабыт»,  «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Балалар кітапханасы»    әлеуметтік жобалары  назарға алынып 50-ден астам шаралар өткізіліп 3500-ден астам оқушылар қамтылды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының аумағында оқыс жағдайлар орын алған жоқ.

2026 жылдың 3 айымен  суицид жағдайы орын алған жоқ. «»Психологиялық қолдау тобында 30 бала есепке алынып, дәрігерге қаралып тиісті профилактикалық шаралар жүруде.

Қосымша білім беру ұйымдарына қамту

Оқушылар Үйіне – 18 үйірмеге 460 бала, Өнер мектебіне  мектебіне                7 үйірмеге  160 бала білім алса, №202 орта мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығына- 26 үйірмеге 469  бала қамтылған.

Аудандық  спорт  мектептеріне – 1170 бала қамтылған.

 Мектепішілік 669 үйірмеге 4058 бала қамтылған. (88,4 % пайызды құрайды).

Сонымен бірге, кент орталығындағы №201 мектеп-лицей жанында «Мұрагер» оркестр сыныптары жұмыс жасап, оған  140 бала қамтылып отыр.

Әлеуметтік сала

Бүгінгі таңда 2096  аз қамтылған әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары қалыптасқан.

 Жетім ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған 29 бала. Оның ішінде  қорғаншылық және қамқоршылық тәрбиесінде-27, патронтаттық тәрбиеде-2.

Аталған отбасы балалары бір мезігіл ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылады және  бір жолғы қаржылай көмекпен 100 пайыз  қамтылды. Бүгінгі таңда міндетті оқу қорынан бір жолғы қаржылай көмек  алуға 2096 балаға 97980,9 қаржы жоспарланды (1 балаға 48,771,0 теңге).

Инклюзивті білім  Ауданда мектептерде 80% (16 мектеп), балабақшаларда 100 % (10 балабақша)  инклюзивтік білім алуға жағдай жасалған.

Бүгінгі күні 343 ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып отыр. 169 бала мектепте, 22 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 54 бала үйден оқытылуда, 60 бала балабақшада, 43 бала психологиялық-педагогикалық түзету, 45 бала ресурстық орталықта, 30 бала логопедиялық пункте   түзету сабақтарын алуда. Жұмыс жасайтын пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда арнайы инклюзивті курстар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. 1255 педагогтың  701 педагог 215 (55,6%) арнайы инклюзивті курстан өткен.

Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру

Тасымал бойынша Жаңақоныс елді мекенінен Таң ауылы №118 мектепке 23 бала 2 ауысымда  тасымалданады. Мектеп балансында 2022 жылы берілген автобус бар. Тасымалға қаралған қаржы 5 млн 690,0 мың теңге.

Жарияланған күні

07 сәуір 2026

Жаңарту күні

07 сәуір 2026

Қызмет бағыты