Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету шаралары туралы. "Жалағаш ауданының Маңсап орталығы" филиалының ақпараты.
Көру саны:9
Статистика
- жұмыс күшінің саны – 14 645 адам
- жұмыспен қамтылған халық саны – 13 926 адам;
- жұмыссыздар саны – 299 адам;
- жалпы жұмыссыздық деңгейі – 2,0%;
- жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) – 1,1%;
- 2026 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны –299 адам
- Жұмыссыздық деңгейі – 2,0%
*****
Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 2881 адамның тұжырымдамаға қатысушы ретінде 299 адам тіркелді.
Олар келесі бағыттарға бағытталды:
- 1275 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды;
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 167 адам жолданып, олардың 144-і оқу курсын аяқтап сертификатын алды, 46-ы өз кәсібін ашқан.
- 1648 адам (1648 сертификат алды) немесе жоспарланған 1353 адамның 121,8 % «Электрондық еңбек биржасы» порталы (skills.enbek.kz платформасы) арқылы онлайн-оқудан өтті.
- жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар негізінде 134 адам гранттар алды (жоспар 137 адам).
- субсидияланатын жұмыс орындарына 829 адам жұмысқа орналастырылды, яғни:
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 30 адам жолданып, (жоспар 30 адам) оның 30 адам жұмысын аяқтап, 25 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
- жастар практикасына – 177 адам жолданып, 41 адам жұмысын мерзімінен бұрын өз еркімен тоқтатып, 22 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды(жоспар 160 адам);
- қоғамдық жұмыстарға – 590 адам жолданды, оның 106 адам жұмысын мерзімінен бұрын аяқтап, 428 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды(жоспар 560 адам);
- «Күміс жас» жобасына – 32 адам жолданып, оның 10 адам мерзімінен бұрын тоқтатылып, 7 адам тұрақты жұмысқа орналасты.(жоспар 25 адам).
Жыл басынан бері 14 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 188 жұмыс беруші 390 бос жұмыс орнын ұсына отырып қатысып, 390 адам тұрақты жұмысқа орналастырып, 883 адам кеңес алды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы мәліметі
2026 жылдың 1 қаңтарына 93 отбасыға (595 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылмен салыстырғанда 143 отбасыға (880 адам) 65,0% азайған.
Бүгінгі күнге өтініш білдірген 93 отбасының құжаттар пакеті отбасының материалдық жағдайын зерттеу үшін учаскелік комиссияның қарауына ұсынылды, соның ішінде 93 отбасының құжаты учаскелік комиссиядан оң қорытынды алып, 93 (595 адам) отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. АӘК алушылардың ішінде:
- бала күтімінде отырған аналар – 43 адам;
- мүмкіндігі шектеулі жандар – 1 адам;
- жүгіну кезінде жұмысы барлар – 89 адам;
- студенттер – 29 адам;
- жұмыссыздар – 20 адам;
- кәсіпкерлер –16 адам;
- балалар саны – 397 адам (1 жасқа дейінгі бала саны – 25, 1-3 жасқа дейінгі бала саны – 67, 3-6 жасқа дейінгі бала саны – 99, 6-18 жас аралығында бала саны – 206).
Бұл ретте шартты ақшалай көмек алушылар саны 88 адамды құрайды, оның ішінде 163 адам немесе 53,9% еңбекке қабілетті болып табылады, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 20 адам немесе 25,9%-ы қамтылды, оның ішінде:
- 10 адам қоғамдық жұмыстарға;
- 6 тұрақты жұмысқа орналасқан;
- 6 жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар.