Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2025 жылдың атақарылған жұмыстары туралы анықтама
Көру саны:7
«АИР Строй Монтаж» ЖШС арқылы «Қазақстан халқына» қорынан қаржы бөлініп «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында ангар типтес спорт кешені құрылысы» жүргізіліп, пайдалануға қабылданды.
Аққыр елді мекенінде денешынықтыру алаңы құрылысына облыстық, аудандық бюджеттен қаражат бөлініп құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Мердігер мекеме «Зәулім шың» ЖШС.
2024 жылы бөлім арқылы аудандық бюджеттен 100,0 мың теңгеден қаржы бөлініп, Есет батыр елді мекенінің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту, «Жалағаш кенті емдеу мекемелерінің (100 төсек орнына арналған орталық аурухана, 20 төсек орнына арналған жұқпалы аурулар ауруханасы, бір ауысымда 250 келушіге арналған аудандық емхана) кәріздік құрылыстарын салу» жобалары бойынша мердігерлер анықталған болатын. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттенЕсет батыр елді мекенінің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту құрылысына 38 123,2 мың теңге бөлініп, осы қаржыға құрылыс монтаждау жұмыстары атқарылды. Қалған қаржысы республикалық бюджеттен күтілуде.
Ақтерек учаскесінің подстанция құрылысына, тас жолының жобасына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті облыстық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, «Ақтерек-170 га» учаскесіне инженерлік-инфрақұрылымына (жаяу жүргіншілер тротуарлар) жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өтті. Мердігер мекеме «НаргулЭлитСтрой» ЖШС.
Ауданның Еңбек, М.Шәменов ауылдық округіндегі электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына демеушілік есебінен жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Сонымен қатар Жалағаш кентінің темір жол желісінің отүстік бөлігіндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын (электр беру желілерін) салу» құрылсынада жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілді.
Жалағаш кентінің бас жоспарына түзету енгізуге жеңімпаз мекеме «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС болып анықталды. Сонымен қатар Жалағаш кенті, «Наурыз» 110 га және «Дәуімбай-2» 68 га егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуші жеңімпаз мекеме болып «Сантех-Строй Проект» ЖШС болып анықталды.
Жалағаш ауданы, Есет батыр, Мәдениет, Бұқарбай батыр ауылдық округі елді мекендерінің дамыту және құрылысын салу схемасына түзету енгізуге жеңімпаз мекеме болып «KAZGEOSAULET» ЖШС болып анықталды. Жобалар бойынша жұмыстар толыққанды жүргізілуде. Қазіргі таңда жобалар сараптамадан өтуге әзірленуде.
12 қаңтар 2026
12 қаңтар 2026