
Қазіргі таңда 31 626 аудан халқына (РПН бойынша) аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, 12 дәрігерлік емхана, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.
Анықтама үшін: медициналық қызмет көрсетілетін 14 жасқа дейінгі бала саны - 10 473, жасөспірімдер саны - 1714, ересектер саны – 19 439 адам.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарындағы кадр мәселесі
Жалпы қызметкерлер саны: 797.
Оның ішінде:
Дәрігерлер – 96
Орта буын қызметкерлері – 406
Кіші буын – 139 .
Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар -156
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 96 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 30,3%. Оның ішінде: 53 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 58,8 %.
жоғарғы санат – 17 дәрігер.
І санат – 18 дәрігер.
ІІ санат – 18 дәрігер.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 406 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 128,3 %.
Орта буын медицина қызметкерлерінің 269 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 66,0 пайыз.
Жоғарғы санат – 139
І санат – 87
ІІ санат – 43
2025 жылдың 9 айында 4 дәрігер (4- жалпы тәжірибелі дәрігерлер) жұмысқа қабылданды.
Жол карталары аясында емдеу және алдын алу ұйымдарындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарына сәйкес сала мамандары біліктілігін арттырды.
Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік туралы:
|
Мамандықтар атауы |
Жұмыс орны (ДА,СВА атауы) |
Бірлік саны |
Бос тұрақты вакансия |
|
Хирург дәрігері |
Стационар |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Травматолог дәрігері |
Емхана |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Фтизиопедиатр дәрігері |
Емхана |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Акушер гинеколог дәрігері |
Аурухана |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Педиатр дәрігері |
Емхана |
2,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Барлығы |
|
6,0 |
|
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
2025 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша:
Жалпы дәрігерлік қабылдаулар саны – 170 672 (2024 ж– 162 118).
оның ішінде:
Ауруы бойынша келгендер – 72 673 (2024 ж – 70 478);
Алдын-ала қаралуға келгендер – 93 710 (2024 ж – 89 519).
Үйде қаралу – 10 076 (2024 ж -15 290)
Тіркелген алғашқы аурушаңдық – 10 842 (2024 ж – 11 797);
1-орында – тыныс алу жүйесі аурулары – 2 852 (2024 ж – 2 887);
2-орында – жүйке жүйесі аурулары – 982 (2024ж – 1 070);
3-орында - эндокринді аурулары – 831 (2024 ж – 768).
Диспансеризация бойынша
Диспансерлік есепте тұратын адам саны – 8 834 (оның ішінде: 0-17 жас – 1 464, ересектер – 7 370).
Демографиялық көрсеткіштер бойынша
Дүниеге келген бала саны – 507 (2024ж -541 );
1 жасқа дейінгі шетінеген бала саны – 3 (2024ж – 2 );
Жалпы өлім-жітім – 138 (2024 ж – 135).
20 жылдан аса ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.
Өлім - жітім себептері бойынша:
|
№ |
Атауы |
2025 жыл |
2024 жыл |
|
1 |
Жалпы қайтыс болғандар саны |
138-4,3 |
135-4,2 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
35-25,4 |
36-26,7 |
|
1 |
Үйден қайтыс болғандар |
85-61,6 |
88-65,2 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
8-22,9 |
13-36,1 |
|
2 |
Ауруханадан қайтыс болғандар |
37-26,8 |
30-22,2 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
13-37,1 |
11-30,6 |
|
3 |
Өзгеде себептер |
16-11,6 |
17-12,6 |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
12-33,3 |
14-40,0 |
Ана мен бала денсаулығы
Ана мен бала денсаулығын сақтау денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыттарының бірі болып табылады. 2025 жылдың 9 айында ана өлімі (2024 ж - 0) және критикалық жағдай тіркелмеген.
Есепке тұрғандар арасынан 2024 жылдың 9 айлығында 10 аптаға дейін терапевтпен қаралғаны 511-97,7% құраса, 2025 жылдың 9 айлығында-398-95,6% құрап отыр
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер
Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді жоспармен жұмыс жасау;
Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;
Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;