Жалағаш ауданы әкімінің аппаратына 2025 жылғы 1 тоқсанға жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы анықтама

Жалағаш ауданы әкімінің аппаратына 2025 жылдың 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге талдау жүргізілді. Өтініштер саны – 92.

Оның ішінде: Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша - 77 өтініш, заңды тұлғалардан – 15 өтініш келіп түсті.

Жоғары органдар немесе басқа органдар арқылы келіп түскен өтініштер.

Оның ішінде:

Облыстық әкімі аппараты                                                      - 13

Облыстық басқармалардан                                                   - 2

ҚР бас прокуратурасы                                                          - 1

Аудандық малихаттан                                                           - 2

Ауыл шаруашылығы министрлігінен                                   - 1

Салалар бойынша түскен өтініштер :

Жер және ауыл шаруашылығы                                             - 26

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру             - 23

Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық                       - 7

Мәдениет және спорт                                                              - 8

Білім беру                                                                               - 3

Басқа да мәселелер                                                                 - 25

Азаматтарды жеке қабылдауға  қатысты

2025 жылдың 3 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардан аудан әкімінің жеке қабылдауына 8 жеке қабылдау өткізіліп, 48 азамат қабылданды.

Бүгінгі күні жеке қабылдауда 34 азамат кезекте тұр.

Қанағаттандырылды - 9

Заңға сәйкес түсіндірілді – 39

Талдау көрсеткендей, жеке қабылдауда азаматтармен негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер мәселелері көтерілуде.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру-24, тұрғын үй және коммуналдық-шаруашылық-18,  басқа мәселелер-6

Аудан әкімі аппаратының ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан жұмыс бөлмесінде өтініштерді шұғыл түрде жолдау үшін «Фронт-кеңсе»  азаматтарға арналған.

 

Жарияланған күні

16 сәуір 2025

Жаңарту күні

16 сәуір 2025