Жалағаш ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2024 жылдың 4 тоқсаныңда атқарылған жұмыстары туралы
Көру саны:13
Жалағаш ауданы мәдениет саласы бойынша Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі, «Руханият» орталығы мен 14 ауылдық клуб үйлері «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жеті бағыт («Сұхбат TIME», «Әлем—BOOK», «АРТ уақыт», «Жанұя шуағы», «Креативті HUB», «Еріктілер тобы», «Кино- TIME») бойынша жұмыс жасап келеді.
16 мәдениет нысандарында «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы» жазуы ілініп, ішкі безендіру жұмыстары жүргізілді.
«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес 2024 жылы бекітілген жоспарға сәйкес 1618 іс-шара өткізіліп, оған 101234 көрермен тартылған. Оның ішінде 53736 /72%/ балалар қамтылған. («Сұхбат TIME» жобасы - 198, «Әлем—BOOK» жобасы - 229, «АРТ уақыт» жобасы - 311, «Жанұя шуағы» шуағы - 197, «Креативті HUB» жобасы - 187, «Еріктілер тобы» жобасы - 211, «Кино- TIME» жобасы бойынша 285 кино көрсетілім).
«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес 3 клуб, 9 көркемөнерпаздар үйірмелері /жалпы саны - 12/ ашылды.
Атап айтқанда, «Beauty визажистер», «SMM мобилография» («Руханият» орталығы жанынан), «Ұлы Дала тағамдары» (Аққұм ауылдық клубы), «Сазды әуен» саксофон («Руханият» орталығы), «Бал бала» соқпалы-шулы аспаптар (Аққыр ауылдық клубы),«Ақ келін» хор ұжымы (Аққұм ауылдық клубы), «До-мажор» ән (Таң ауылдық мәдениет үйі), «Жас өрен» балалар хор (Аққұм ауылдық клубы), «Асыл мұра» салт-дәстүр (Қаракеткен ауылдық клубы), «Өлең - өмір» жазба поэзия («Руханият» орталығы) үйірмелері және «Таң әжелері» әжелер ансамблі (Таң ауылдық мәдениет үйі),«Классика» камералық ансамблі («Руханият» орталығы) жұмыс жасауда. Қатысушылар саны 116-ны құрайды.
Аталған клубтар әр апта сайын кәсіби мамандардың қатысуымен шеберлік сағаттарын ұйымдастыруда.
«Креативті HUB» жобасы аясында суретші-декоратор, Халық театрының суретшісі Нұрлан Манабаевтың туындылары қойылған «Суретші әлемі» атты көрмесі, «Ақ кимешекті аналар тағлымы» атты кимешекті аналар шеруі, «Шаңырағы құтты, киелі киіз үй»атты киіз басушы Беримова Несібелімен танымдық сағаты, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, фотограф Шахмардан Әбіхалықовтың фото – көрмесі, «Ұлттық өнер – ұлттық құндылық» және "Қолөнер – сырлы өнер" атты қолөнер бұйымдарынан және «Әсемдік әлемі» атты ұлттық кесте өнеріненкөрмелер,«Көркем өнер түрлері» атты Руслан Райымбекұлының жасаған бұйымдарынан, "Ұлттық мұра-ұлттық өнер" атты Әлиев Сырлыбайдың ата- бабасынан мұра болып сақталған жәдігерлерінен көрмелер, «Арайлы алтын күз» атты күзгі көрме,«Ұлттық киім – ұлт ажары»атты ұлттық киімдер шеруі, ұлттық тағамдардың гастро-фестивалі, «Ұлы мұра – ұлттық өнер» атты ұлттық қолөнер фестивалімен «Қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері», «Ши тоқып үйренейік» атты шеберлік сағаты, «Ұршық иіру - үлкен өнер» атты аналар арасында сайыс ұйымдастырылып, тұрғындар қызығушылығын арттырды.
«АРТ уақыт» жобасы аясында Таң ауылдық мәдениет үйінде «Таң әжелері» әжелер ансамблінің, «До мажор» ән үйірмесі, Аққыр ауылдық клубында «Бал бала» соқпалы-шулы аспаптар үйірмесі, Аққұм ауылдық клубы жанынан «Жас өрен» балалар хор үйірмесі, «Ақ келін» хор ұжымы, Қаракеткен ауылдық клубында «Асыл мұра» салт-дәстүр үйірмесі, Руханият орталығында «Өлең - өмір» атты жазба поэзия үйірмесі, «Сазды әуен» саксофон үйірмесінің ашылу салтанаты өткізіліп, үйірмелер кестеге сай жұмыстар жүргізіп келеді.
Сондай-ақ, аталған шаралар «Qyzylorda» және «Қоғам ТВ» телеарналарында ақпараттандырылып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің фейсбук әлеуметтік желі парақшасында мәдени қызметтің сапасын оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында жергілікті өнер иелерінің, атап айтқанда сазгерлер, ақындарымыз бен орындаушылардың, суретшілер мен қол өнер шеберлерінің құнды шығармалары мен үздік туындыларын қолдау мақсатында «Мәдениетім-мәртебем», «Өнерім-өмірім» айдарлары ашылды.
Сонымен қатар, Аққұм ауылдық клубында жыршы-термеші Байділда Сәрсеновтың 85 жасқа толуына орай «Текті сөздің төресі – терме» атты облыстық жыршы-термешілер фестивалі, Мәдениет ауылдық клубында«Ойна баян, күмбірле домбыра» атты және Т.Жүргенов ауылдық мәдениет үйінде«Гүлімсің» атты әнші Н.Аймұратовты еске алуға арналған облыстық әншілер байқауы, Жаңадария ауылдық клубында Жалағаш ауданының 85 жылдығы мен Жаңадария ауылының 60 жылдығына арналған «Аспанында ән тербеген Жаңадария» атты облыстық патриоттық ән фестивалі, Есет батыр ауылдық мәдениет үйінде Жалағаш ауданының 85 жылдығына орай және Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Несіпбай Әпірезовке 115 жыл толуына орай «Еңбек ер атандырады» атты облыстық жазба ақындар жыр-мүшайрасы, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде ақын, жырау Әбілдә Жүргенбаевтың 110 жылдығына орай «Жыр өнерінің жампозы» атты жас жыршы-термешілер байқауыөткізілді.
«Сұхбат TIME» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, ақын, журналист Серік Бертаевпен, ақын, журналист Қожахметова Гауһар Асқарбайқызымен, Қазақстан Жазушылар Одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Ахетов Қуат Адисұлымен, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сатирик-журналист, еңбек ардагері Қазына Өзденбаевамен, жас суретші Сәтмағанбет Жәнібекпен, «Мәдениет-руханият бастауы» атты мәдениет саласы өкілдерімен, бейбіт күннің батыры атанған, жерлесіміз Жылқышиев Сағи Ғаниұлымен сұхбаттар мен кездесулер, әулие, емші Беркінбай Бекнриязұлының туғанына 115 толуына орай «Әулиенің жұмбақ әлемі» атты облыстық танымдық конференция, ұлағатты ұстаз, сыршыл ақын Мамырова Зайра Қалиасқарқызының 75 жас мерейтойына арналған «Аманат» атты, ҚР Мәдениет қайраткері, балетмейстер Боранбаева Роза Оспанқызының «Өнерден тапқан бақытын» атты шығармашылық кеші өткізілді.
«Әлем – BOOK» оқырмандар клубы жобасы аясында мәдениет ошақтарының әлеуметтік желілерінде жергілікті ақын-жазушылардың, жыршы-термешілердің шығармаларын насихаттауға арналған «Жырсусар», «Шежірелі Жалағаш» және бүлдіршіндерге арналған «Ертегілер әлемі», «Әжем айтқан ертегі» атты ертегі оқу айдарлары ашылса, «Кітап фест -2024» атты кітап фестивалі, "КІТАП шоу-2024" ашық кітап көрмесі, "Сыр елінің мәдени мұрасы" атты фотобайқау, "Туған тілім - далам тілі, өз тiлiм» атты поэзия кешi, жазушы Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби колейдоскоп, Балалық шаққа саяхат» атты әдеби сағаты, «Бауырсақ» ертегісінің қойылымы, 10 тамыз - Абай күніне орай «Абай мұрасы – халық қазынасы" атты Абай өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқу сайысы, «Абай әлемі – сана сәулесі» атты кітап көрмесі, жергілікті ақын Мәлік Аяповтың 80 жылдығына орай «Жырындай мөлдір жан еді» атты кітап көрмесі, Республика кунине орай «Менің Қазақстаным», «Мәңгілік ел - Қазақстан» атты кітап көрмелері,«Күзгі жапырақтар» атты фотоверсинаж, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына орай «Үш бәйтерек» оқырмандар конференциясы, мен ақын Ә.Жүргенбаевтың 110 жылдығына орай «Ақын жыры – уақыт сыры» атты поэзия кеші, ақын-журналист Зордан Салықбаевтың 80 жылдығына арналған «Жазылмай қалған жан сырым» атты еске алу кеші, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, журналист Серік Бертаевтің «Жүрегімдегі шоқ жұлдыз» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
«Кино – TIME» жобасы бойынша «Арыстан патша», «Мұзбалақ», «Көксерек», «Сұлу қыз бен құбыжық», «Толағай», «Қажымұқан» атты анимациялық фильмдері мен Серік Таласовтың«Қызыл Диплом», Қуандық Қасымовтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», А.Қарсақбаевтың «Алпамыс мектепке барады», «Менің атым –Қожа», Т.Теменовтың «Көшпенділер», Б.Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс», Асқар Ұзақбаевтың «Батырлар», М.Есжанның «Міржақып, Оян қазақ!», С.Таласовтың «Адал еңбек», т.б. отандық режиссерлердің кинофильмдері көрермен назарына ұсынылды.
«Жанұя шуағы» жобасы аясында «Менің әкем...», «Анамның аялы алақаны» айдарлары ашылып, әкелермен, аналармен кездесу шаралары өтуде. Сонымен қатар, «Бақытты жас отау» тақырыбында жаңа шаңырақ көтерген жастарға неке куәлігін салтанатты түрде табыстау шарасы, балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Көңілді эстафета», «Анам және мен», «Жарасымды жұп» атты жас отбасылар сайысы т.б. отбасылық спорттық сайыстары, "Өнегелі отбасы" атты отбасылық сурет сайысы, Әкелер күніне арналған «Әке асқар тау, биік шың» атты дөңгелек үстел, «Еңбектен - зейнетке» атты Мурзиева Қаракөз, Рамила Өтегенқызын және Исатаева Ақжарқын аналарымызды зейнеткерлікке шығарып салу кеші, психолог А.Нұрейсовамен «Жақсы көңіл күй - жақсы қарым-қатынас» атты треиинг, «Қыз ғұмырдың құпиялары» тақырыбында сырласу кеші, «Өмір-адамның басты қазынасы» атты ардагер әжелермен кездесу кеші, «Өмірің өз қолыңда» атты №117 мектептің психолог маманы Убайдуллаев Асқар Әшенұлымен психологиялық тренинг, «Шаңырақ шаттығы» атты семинар-тренинг, «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»тақырыбында танымдық сағат, Жаңаталап ауылының қазыналы қарттары Рахметов Бақытбек пен Қиынбаева Гүлзипаның 50 жылдық отбасылық "Алтын тойы" өткізілді.
«ШАБЫТ» еріктілер тобы жобасы бойынша еріктілер тобы «Киелі мекен» апталығы барысында «Мүсірәлі баба», «Тайман-Қари», «Сары Ишан», «Әбжәлі ишан» мешіттеріне, «Байторы баласы Жаман» үй тамына,Беркінбай кәлпе мазарына, «Түмен әулие» және Бұқарбай батыр кесенелерінің іші-сыртына, Ұлы Отан соғысының боздақтарына арналған ескерткіштер маңына тазалық жұмыстарын, «Тазалық – ел ажары» атты тазалық акциялары аясында кент пен ауыл ішіндегі демалыс саябақтарына көркейту – көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Қайрымдылық-жылы жүректен» акциясы бойынша жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында бірнеше оқушыға оқу құралдары мен мектеп формасы сыйланса, еріктілер тобы «Көмек қолын созайық» акциясы аясында ауылдардағы жалғызбасты қарияларға қол көмектерін берді. «Маандығым-мақтанышым» қайырымдылық акциясы аясында шаштаразшылар мен тігіншілер де аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Кітапханалардағы қызмет көрсету жұмыстарының жай-күйі және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу барысы өз дәрежесінде жүргізілуде.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 377070 дана кітапты құрайды. Жалпы оқырмандар саны - 18900.
Аудан кітапханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық кітапхана қорындағы 690 дана жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен 2 400 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге 710 оқырманның пайдалануына мүмкіндік берілді.
Кітапхана ісін дамыту, жастардың шығармашылықпен айналысуына, білімін ұштауға мүмкіндік жасау мақсатында аудандық кітапханада «Әдеби әлем» клубы, «Библио-Арт» жобасы іске асырылуда.
Қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында кітапхана ағымдағы жылдың 3 маусымынан бастап тәулік бойы жұмыс жасайтын режимге көшірілді.
Мәдениет саласы қызметінің негізгі бөлігі тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау болып табылады.
Ауданда есепке алынған 59 тарих және мәдениет ескерткіштердің 1-і республикалық маңызы бар, 55-нің жергілікті маңызы бар, 3 алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген.
Аудан бойынша 17 ескерткіштертерге QR-код тақтайшалары орнатылды.
Алдын ала есепке алынған 35 ескеркіштерге сараптама жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 13 ескерткіш тізімнен шығарылды.
Сондай-ақ «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында 14 ескерткішке көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жер телімдері рәсімделмеген ескерткіштің саны 43.
Бөлімнің қызметінің маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік тіл саясаты. Тілдік ахуалды бейнелейтін басты көрсеткіш – құжат айналымы. Осы ретте мемлекеттік органдардағы тілдік ахуалға жүргізілген мониторинг нәтижесінде мемлекеттік тілдегі шығыс құжатының үлесі 100 пайызды құрап отыр.
Көрнекі ақпараттың пайдалануын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі басты назарда. Тоқсан сайын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» мемлекеттік тіл мамандарының қатысуымен, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» Жалағаш ауданындағы филиалымен бірлесе отырып, көрнекі ақпараттарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 71 кәсіпкерлік субъектілеріне (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, сән салондары, т.б.) рейдтер жүргізілді. Нәтижесінде жарнамлары мен ас мәзірлері орыс тілінде рәсімделген 2 кәсіпкерлік субъектілеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Аудандағы шағын және орта бизнес өкілдеріне көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау және реттеу мақсатында whatsapp, телеграмм әлеуметтік желілері арқылы әдістемелік көмек көрсету ұсынылған.
5 қыркүйек –Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтуге арналған іс-шара жоспары бекітіліп, кент және ауылдық округтерде 24 шара өткізілді. Руханият орталығында жас мемлекеттік қызметкерлер арасында аудандық «Ойлы болсаң, озып көр» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті, «Тіл-бірліктің тірегі» атты мерекелік концерттік бағдарламада тіл жанашырлары марапатталды.
13 қаңтар 2025
13 қаңтар 2025