Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша 2024 жылдың ІIІ тоқсанында атқарылған жұмыстар
Көру саны:11
Мырзабай ахун елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желілері) жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме«РГ Нұрай Ақжол» ЖШС.
Есет батыр елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желілері) құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп, нысан пайдалануға қабылданды. Мердігер мекеме «Сәт Сервис» ЖШС.
Т.Жүргенов елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желілері) құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Мердігер мекеме «Энергомера» ЖШС.
Аудандық бюджеттен 100,0 мың теңге бөлініп «Аламесек ауылдық округі, Есет батыр елді мекеніне ауыз су жүйесін жаңғырту және кеңейту» жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз «Бақ Береке-2023» ЖШС жеңімпаз болып танылды.Республикалық және облыстық бюджеттен құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржы келмей жатқандықтан құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.
Жалағаш кентіндегі орталық стадионды қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттарын дайындау сараптамадан өткізу (жоба толығымен сараптамадан өтіп, 24.09.2024 жылы Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне облыстық басқармаға бюджеттік өтінім тапсыру үшін тиісті құжаттар №01-2/1114 хатпен жолданды);
Азаматтарды қызметтік баспанамен қамтамасыз етіп олардың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартып халықтың даму мақсатында 2024 жылға облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 100 тұрғын үйлер сатып алуға қаржы бөлініп қазіргі таңда 40 пәтер сатып алынды.
Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, «Ақтерек-170 га» гектарға инженерлік-инфрақұрылым (жаяу жүргіншілер тротуарлар) жоба-сметалық құжаттар әзірлеу және сараптамадан өтуге сатып алу конкурсын жүргізуге Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына құжаттар жолданды.