Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің 2024 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары
Көру саны:12
2024 жылдың ІІ тоқсанында аудандық 21, облыстық 6 және барлық ауыл округтерде спорттық іс шаралар өткізіліп барлығы 10553 адам қатыстырылған.
Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің «Наркескен» спорт клубының тоғызқұмалақ бөлімінің жаттықтырушысы Кенжебекова Ақерке 2024 жылғы 4-12 мамыр аралығында Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласында тоғызқұмалақтан қыздар мен әйелдер арасында өткен Халықаралық турнирде жүлделі І орын иеленді.
2024 жылғы 25-28 мамыр аралығында Тайвань мемлекетінің Тайбэй қаласында гір спортынан өткен Азия чемпионатында «Наркескен» спорт клубының гір спорты үйірмесінің спортшысы Қайсар Төлеген серпе көтеру жаттығуынан алтын алқа тағып І орын, ұзын айналым жаттығуында ІІ орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың 6-9 маусым аралығында Щучинск қаласында гір спортынан ерлер мен әйелдер арасында өткен ҚР чемпионатында «Наркескен» спорт клубының гір спорты үйірмесінің спортшысы Ербол Әзиз серпе көтеру сайысында 73 кг салмақ дәрежесінде қос 24 кг гір тасын 115 мәрте көтеріп, алтын алқа тағып, ҚР чемпионы атанды. Жаттықтырушысы Сейтенов Абдулхасан.
2024 жылғы 4-13 маусым аралығында Астана қаласында қол добынан ХХХІІ ҚР чемпионаты өтіп, сайыста Қызылордалық «Қайсар» командасы 1 орын иеленді. Команда құрамында «Наркескен» спорт клубы қол добы үйірмесінің спортшылары Алтынбек Қарлығаш пен Жұмабек Альсина тартысты ойын көрсетті. Жаттықтырушысы Кіребаев Дархан.
2024 жылғы 8-16 маусым аралығында Павлодар қаласында қол добынан ХІІ жазғы Қазақстан оқушылар гимназиясы және 8-17 маусым аралығында Қостанай қаласында 2010-2011 ж.т жасөспірімдер арасында қол добынан ҚР чемпионаты өтіп, бұл сайыстарда «Қайсар» құрама командасының мүшелері «Наркескен» спорт клубының қол добы үйірмесінің спортшылары Мұңайтпас Айым мен Алматқызы Кәусар жүлделі ІІ-ІІІ орындарды иеленді. Жаттықтырушысы Сержанов Жасұлан.
09 шілде 2024
09 шілде 2024