2024 жылғы I тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Жалағаш ауданы бойынша білім саласы туралы ақпарат

2024 жылға жоспарланған қаржы 14,5 млрд.ты құрап отыр.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

Ауданда  бүгінгі күнге мектепке дейінгі ұйымдар желісі 37-ге жетіп,  10 мемлекеттік, 26 жеке балабақша мен  1 мектеп жанындағы шағын орталықтарда  2563 бала тәрбиеленуде. 

Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 100 пайыз қамтылу нысаналы индикаторы орындалып келеді. Балалардың қамтылуын ұлғайту үшін 2022-2025 жылға арналған преспективалық жоспар бекітілген.

2-міндет. Орта білім беру сапасын арттыру

Орта білім беруде негізгі міндеттердің бірі - білім сапасын арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Халықаралық зерттеулер білім саласындағы өлшеуші индикаторлардың бірі.      2022 жылы зерттеуге    (№ 201, 202  мектептерден)  43 бала қатыстырылса.

2023 жылы Ақсу ауылындағы  №116 мектептен 41 оқушы ТИМС, аудандағы 4  (№31,34,114,232 )мектептен 79 оқушы ПИЗА халықаралық зерттеулерге қатысты.

Зерттеулердің қорытындысы  республикалық талдаулармен шығарылып, тиісті жұмыстар ұсынылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі.

2022 жылы 358 бітірушінің  312 немесе 87,2 пайызы ұлттық  бірыңғай тестілеуге қатысты. Нәтижесімен  280 талапкердің 250-і мемлекеттік жоғары білім беру грантына қол жеткізді.  Бұл ҰБТ-ға қатысқан түлектердің 80,1 пайызы.   Оның  111-і педагогикалық, 56-ы техникалық, 23-і медициналық мамандықтар болса, 22-і ауылшаруашылық  және  33–і басқа салаларды таңдаған. 

Сонымен қатар, облыс әкімінің грантын 5 бітіруші, ЖОО ақылы бөліміне-42, арнаулы оқу орындарына 61 бітіруші өз білімдерін жалғастыруда.

2023 жылы  мектепті 356 түлек аяқтап, оның 329 – ы немесе 92,4% -ы тестілеуге қатысты.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен білім беру гранты конкурсына қатысқан 302 талапкердің 86%-ы немесе 260 түлек грант иегері атанды. Бұл көрсеткіш облыста аудандар арасында  2 орынға тұрақтауда.

Талапкерлердің 113 немесе 37,4 пайызы, басым бөлігі педагогикалық бағыттағы мамандықтарды таңдады.      Сондай-ақ, медицинаны – 6 пайыз (18), техникалық бағытты –18,5 пайыз (56), ауыл шаруашылығын – 12 пайызы (36), басқа да мамандықтарды  – 12 пайызы (37) таңдаған.

Педагог кадрлардың кәсіби деңгейі - білім беру сапасына тікелей әсер ететін негізгі фактордың бірі.

Мектептерде 1293 педагог жұмыс жасайды  жоғары білімді –1217 /94%/, арнаулы орта білімі бар – 76 /4%/).

2023-2024 оқу жылында  1293 педагогтардың аттестаттаудың біліктілігі бойынша шебер 1, зерттеуші 248 (19,1%), сарапшы 372 (28,7%) модератор 282 (21,8%),педагог 390 .(30,1%) педагог жұмыс жасауда.

Еліміздегі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында Қызылорда облысынан 11 педагог іріктеуден өтсе, біздің ауданымыздан 2 педагог (№116,202 мектеп)  республикалық кадрлық резервке енгізілді.

Осы резервке енгізілген 2 педагогымыз алдағы уақытта мектеп директоры болып конкурстық іріктеусіз тағайындалады.

2022-2024 жылы оқушылардың пәндік олимпиадаға дайындықты күшейту мақсатында  аудандық «Жас дарын» олимпиадалық  резерві мектебі құрылып 122 оқушы қамтылды.

2023-2024 оқу жылы алғаш рет ауыл балаларына арналған ауыл олимпиадасының аудандық кезеңіне 527 оқушы, облыстық кезеңге 218 оқушы қатыстырылды. Республкиалық кезеңге ауданнан 10 оқушы қатысып, нәтижесінде 4 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдерге атанды.

Атап айтсақ алтын иеленген оқушылар №123 мектептің 9 сынып оқушысы Айнабек Өмірбек математика пәнінен жетекшісі Ғ.Нұрмахатов, 11 сынып оқушысы Жақсылық Асыл физика пәнінен жетекшісі Н.Құдабаев, №201 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Төлепберген Нарқыз химия пәнінен жетекшісі М.Ниетқұлова, 9 сынып оқушысы Тұрсынбек Азамат физика пәнінен Шілдебаева Айгүл. Күміс иеленген №201 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы  Телғара Балқы информатика пәнінен жетекшісі А.Ерғалиева. қола жүлдегер №202 орта мектептің 10 сынып оқушысы Әсетқызы ақжан биология пәнінен жетекшісі А.Төлеуова. Алғас хат иегері №31, 123, 201 мектептердің 4 оқушылары марапатталды.

             Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысымен 2023 жылы  «Ең үздік 100 мектеп» қатарына Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі еніп отыр. 

             Оқушылар  арасында өткізілген түрлі танымдық байқауларға 300-ден астам оқушы қатысып облыстық деңгейде 2023 жылы (2022 жылы облыстық 168 орын, республикалық 18 орын) 182 орын (46%), ал республикалық деңгейде 21   жүлделі орын еншіледі.

Мектептердің материалдық инфрақұрылымын күшейту мақсатында соңғы 5 жылда 6 мектеп күрделі жөндеуден өткізілсе, 1 мектепке жаңа құрылыс ғимараты берілді. 

Балалар жылы аясында 2022 жылы мемлекеттік бағдарлама қолдауымен Жалағаш кентінен құны 420 млн. теңгені құрайтын 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі пайдалануға берілді.

Жалағаш кенті орталығындағы №31 мектеп-гимназиясы, Бұқарбай ауылындағы  №33 мектеп ғимаратына күрделі жөндеуге байланысты жобалық-сметалық жұмыстары әзірленіп (10 млн 727,0 мың теңгеге), мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарына №31 мектепке- 805,1 млн теңге,  33 мектепке- 435,8 млн теңге қажет.

 

             Цифрландыру бағытында жұмыстарға келер болсақ мектептердің барлығы интернет желісіне қосылған. Компьютерлер  паркі 100% жаңартылған.

Барлық мектептер «BilimLand» электронды платформасына қосылған. Бүгінгі күнге мектептердің 75 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілді.

2023 жылы модернизация жаңғырту жұмыстарын 6 мектеп  (№203,232,246,119,122,123) жоспарға енгізіліп, бұл мектептерге барлығы 79 млн 297 мың теңге жұмсалды.

Мектептер бойынша құрал-жабдықтар алуға 2023 жылға 107 млн 817 мың теңге бөлінді.

Мұғалімдерге тұрақты түрде әдістемелік кабинет арқылы сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы оқу жылында әр түрлі бағытта 31 әдістемелік шаралар ұйымдастырылса (2022 жылы -51) , №203, 188, 119, 115 мектептерге десанттық топ барып,  «ашық есік» күндері өткізіліп  әдістемелік көмек көрсетілді.

Балаларға сапалы білім берумен қатар, саналы тәрбие беру мәселесі әр кезде де өзекті.   Білім берумен қатар тәрбие сапасын көтеруге ата-анамен бірлескен шаралардың тиімді тәсілдерін пайдалануды жандандырып, дамытуымыз қажет.

Бұл бағытта ауданда біршама жұмыстар жүзеге асырылуда. Барлық білім беру ұйымдарында жүргізілетін «Дебат қозғалысы», «Мектеп парламенті», «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп театры» жобалары бойынша бірқатар жоғары нәтижелерге қол жеткіздік.

Креативті жобалардың есебінен ынталы оқушылардың саны артып, қазіргі уақытта құрамындағы балалар саны  3 мыңнан асты.

 Барлық мектептерде 20 кітапхана жұмыс жасайды.

Кітапханалардағы  барлық кітап қоры-  493 520 дана. Оның ішінде қазақ  тілінде-269 818 дана, орыс тілінде-18595 дана. Оқырмандар саны-8114 адам. Көркем әдебиеттер саны -195 636 дана оның ішінде  балалар кітапханасы 4546 дана. 17717  дана электрондық оқулықтар. Жыл сайынғы қордың өсу-55379 дана. 

             2023  жылы 1-11 сыныптарға ішінара жетпейтін Оқулықтарға 64 076 000 теңге бөлініп 14 баспамен келісім шарт жасалынып, 14 844 дана  оқулық, 6630 дана көркем әдебиеттермен толықтырылды.

Аудан бойынша 20 мектепте типтік жобада асхана жұмыс жасайды.

2023 оқу жылында аз қамтамасыз етілген   2073 балаға (2022 жылы -2045 бала), сондай-ақ  2023 жылдан бастап 1-4 сыныптағы барлық  оқушыға бір мезгіл ыстық тамақ берілуде. Бұл мақсатта бюджеттен 345 млн. 435,0 мың тг. қаржы қаралған (2022 жылы -152 млн 278,0 мың теңге).

Сонымен қатар, аталған отбасы балаларына көмекке мұқтаж     2073 (2022 жылы -2042 бала) баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 83,0 млн. теңге бөлінді. 

Мектептердегі ыстық тамақ беруді ұйымдастыру ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген Қағида талаптарымен реттеледі.

Ыстық тамақтың берілуін мектептерде құрылған бракераждық комиссия бақылайды

Қосымша білім беру

Жалағаш  ауданында 1 Оқушылар үйі, 1 Өнер мектебі және
Ақтерек лагеріне  1182  бала қосымша біліммен қамтылған.

Ағымдағы оқу жылында 20 мектеп жанындағы
126 үйірмеге –1825  бала қатысуда.

Инклюзивті білім

             2023 жылы  ПМПК қорытындысына сәйкес ауданымызда  343 ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып отыр.

Олардың ішінде 169 бала мектепте, 22 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 54 бала үйден оқытылуда, 60 балабалабақшада, 43 бала психологиялық-педагогикалық түзету, 45 бала ресурстық орталықта, 30 бала логопедиялық пункте   түзету сабақтарын алуда.

Қызылорда облыс әкімінің «Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша  2020-2022 жылдарға арналған өңірлік Жол картасына сәйкес арнайы инклюзивті кабинеттермен 2020 жылы №33, №246 мектептер, 2021 жылы №116, №201, №31, №123 және №202 мектептер толықтай жабдықталды.

2022 жылы Мырзабай ахун ауылындағы №122 орта мектеп, Есет батыр ауылы №124 орта мектеп және Еңбек ауылы №232 орта мектептер инклюзивті кабиеттермен жабдықталды. Арнайы логопедиялық кабинетпен мемлкеттік 10 балабақша толықтай қамтылды.  

Ерекше білім беруді  қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы инклюзивті курстар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Аудан мектептеріндегі 1275 педагогтың 560 (44%) арнайы инклюзивті курстан өтті.

Әлеуметтік сала

             2023 жылдың қаңтар айынан бастап 1-4 сыныптарда оқитын 1899 оқушы 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Көмекке мұқтаж 2073 баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 83,0 млн. теңге бөлінді.

Құқық бұзушылық бойынша

             Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықпен аудандық полиция бөлімінің профилактикалық есебіне 1 (ұрлық) қылмыспен  2 жасөспірім алынған. №117 мектептің 10 сынып оқушылары.

 

 

 

Проблемалар

 

Кент сыртындағы «Ақтерек» сауықтыру лагері 1999 жылы асар әдісімен салынған. Ғимараттың қазіргі жағдайы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді,сын көтермейді.

Осыған орай, «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде 100 орындық типтік жобадағы лагерь ғимаратының құрылысы» жобасына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен  18307,4 мың теңге қаржы бөлуге білім басқармасына ұсыныс жасалды.