
Мәдениет және спорт ұйымдары ағымдағы жылдың 9 айында ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі форматтағы 568 мәдени және спорттық іс-шаралар: оның ішінде театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар, фестивальдер, конференциялар, акциялар, түрлі спорттық жарыстарды ұйымдастырып өткізді.
Биылғы жылдың басты ерекшелігі - мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойы атап өтілді. 22 қыркүйек күні мәдениет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жалаугері – Жүргенов» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді. Ел мақтанышын еске алуға арналған шараға 50 ден аса өтініш түсіп, 14 жазба ақын іріктеуден өтіп, өнер көрсетті. Жазба ақындар мүшәйрасын жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы ашып беріп, қазылар алқасына төрағалық етті. Қазылар алқасының құрамында ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ахетов Қуат Адисұлы бар. Темірбек Қараұлының өмірін өлеңмен өрнектеген таланттылар тартысында Қызылордалық Мақсат Дауылбай, Ұлытау облысынан келген Дәуренбек Бұлданбаев, Алматы облысынан келген Нұрлыбек Саматұлы жыр бәйгесінен жүлделі ІІІ орын иеленді. Жалағаш ауданының жас ақыны Жасұлан Серік жүректі жырымен жүлделі ІІ орынға лайық деп танылды. Павлодар облысынан келген Нарқұлан Райханұлы І орынды қанжығасына, Сыр өңірінің азулы ақыны Дүйсенбек Аяшұлы бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, жерлесіміз Елена Әбдіхалық Темірбек Жүргенов атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Бұл бағытта «Түркі әлемінің Темірбегі» атты облыстық ақындар айтысы өткізілсе, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен бірлесіп онлайн Zoom платформасы арқылы «Түркі әлемінің тарланы» атты тарихи конференция ұйымдастырылды.
Қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан тұлғаның есімін халық жадында сақтап, өнегелі ісін жастарға үлгі ету мақсатында жыл басынан бері 63 мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында «Көне дәстүр күмбезі» атты дәстүрлі ұлттық салт-дәстүрлер фестивалі өткізілді. Халық театры және «Балдәурен» драма үйірмесі өнерпаздары балабақша бүлдіршіндеріне арналған «Қаңбақ шал, есек, тасбақа, қара дәу» ертегісі, «Сүйіндір» салтының театрлық қойылымы көпшілік назарына ұсынылды. «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында «Құдағи жүзік», «Ерулік» салтының бейне материалдары әлеуметтік желіде жарияланды.
Ауданымыздың тарихы мен мәдениетін насихатау мақсатында «Dombyra» ұлттық телеарнасынның тарихи-танымдық мәдени бағдарламасында Жалағаш ауданының тарихы мен мәдениеті туралы екі бөлімнен тұратын арнайы шығарылымы көрермен назарына ұсынылды.
Сонмен қатар «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасының ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Тарих. Тағдыр. Тағлым» бағдарламасының арнайы шығарылымына Бұқарбай батыр Естекбайұлының жары Шынар анамыз туралы деректі фильм түсірілімі ұйымдастырылды.
Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің жанындағы Халық театры Ерсайын Төлеубайдың «Жеңгетай» комедиясын Нартай Бекежанов атындағы академиялық қазақ музыкалық театрында сахналады.
Мәдениет үйлері мен клубтарының көркемөнерпаздары 2023 жылдың І жартыжылдығында облыстық байқаудан 38, республикалық байқаудан 10, халықаралық байқаудан 8 жүлделі орындарды иеленді.
Ақылы қызмет жоспарының орындалуы сала бойынша 76,6 %.
Кітапханалардағы қызмет көрсету жұмыстарының жай-күйі және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу барысы өз дәрежесінде жүргізілуде.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 373930 дана кітапты құрайды. Жалпы оқырмандар саны -12544.
Аудан кітапханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық кітапхана қорындағы 908 дана жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен 7299 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге 850 оқырманның пайдалануына мүмкіндік берілді.
Мәдениет саласы қызметінің негізгі бөлігі тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау болып табылады.
Ауданда есепке алынған 71 тарих және мәдениет ескерткіштердің 1-і республикалық маңызы бар, 30-нің жергілікті маңызы бар, 40 алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген.
Аудан бойынша 17 ескерткіштертерге QR-код тақтайшалары орнатылды.
Аудан көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің табиғи ландшафты аймақтарының бұзылуына, заңсыз қазба жұмыстары және өзге де заң бұзушылық әрекеттерге жол бермеу мақсатында бақылау шараларын күшейту, қолданыстағы заң талаптарының өз деңгейінде орындалуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмектер көрсетілді. Сонымен қатар, алдын- ала есепке алу тізіміне енгізілген ескеркіштерге сараптама жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық экономика және қаржы бөліміне 2 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді.
Кент орталығында орналасқан мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің бюстін Т.Жүргенов ауылындағы жаңадан ашылатын аллеяға ауыстыруға тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның оң қорытындысы алынды.
Бөлімнің қызметінің маңызды бағыттарының бірі –мемлекеттік тіл саясаты. Тілдік ахуалды бейнелейтін басты көрсеткіш – құжат айналымы. Осы ретте мемлекеттік органдардағы тілдік ахуалға жүргізілген мониторинг нәтижесінде шығыс құжатының үлесі 100 пайызды құрап отыр.
Көрнекі ақпараттың пайдалануын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі басты назарда.Тоқсан сайын мәдениет және спорт бөлімі мен «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» мемлекеттік тіл мамандарының қатысуымен көрнекі ақпараттарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
Жыл басынан 12 кәсіпкерлік субъектілеріне (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, сән салондары, т.б.) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-баптың талаптары түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 4 мейрамханалар мен фастфудтардың ас мәзірілеріне аударма үлгілері әзірленіп, қолданысқа берілсе, 1 сауда нүктесі мен 1 кәуапхананың тек қана орыс тілінде ілінген жарнама мәтіндері алынды.
Аудандағы шағын және орта бизнес өкілдеріне көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау және реттеу мақсатында whatsapp, телеграмм әлеуметтік желілері арқылы әдістемелік көмек көрсету ұсынылған.
Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу, қазақ тіліндегі мәтіндердің сапалы жазылуына, қателіктерді алдын алу мақсатында мәдениет және спорт бөлімі мен жарнама агенттіктері арасында өзара іс-шаралар қабылдануда.
2023 жылы ономастика мәселесі бойынша 9 өтініш түскен, оның 4-еуі объектіге атау беру, 1-еуі ауыл атауын кісі есімімен өзгерту, 4-еуі көшеге атау беру туралы өтініштер. Объектіге атау беру туралы 1 өтініш, ауыл атауын өзгерту туралы 1 өтініш, көшеге атау беру туралы 1 өтініш кері қайтарылды. Тарихи тұлғаларға енгізу бағытында облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылған 3 өтініштің 1-еуі қолдау тауып, 2-еуі кері қайтарылды.
Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған облыстың жол картасына сәйкес 3 көше қайта аталды (Дружба-Қаракұм, ЛСП-Қараөзек, Карл Маркс – Ә.Қоңыратбаев).
Жол картасына сәйкес идеологиялық тұрғыдан ескірген 1 елді мекен,1 көшені қайта атау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Спорт саласындағы негізгі басымдық бұқаралық спорттыдамыту, халықты дене шынықтырумен жүйелі айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Бүгінгі күні дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындарды қамту 13500адамды немесе аудан халқының жалпы санының 38 % құрайды.
Салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған 4 облыстық, 65 аудандық спорттық іс-шаралар өткізілді.
Аудан спортшылары ҚР чемпионаттары мен облыстық жарыстарда әр түрлі деңгейдегі 80 медаль жеңіп алды /Азия чемпионатында -1, әлем чемпионатында -1, ҚР чемпионаттарында 14- алтын, 11- күміс, 27- қола медальдарды, облыстық жарыстарда 30- алтын, 10- күміс, 25- қола медальдар/.
Биылғы жылы І разрядты спортшылар саны 6, спорт шеберлері 6, спорт шеберіне үміткерлер 20- ға жетті.
Биылғы жылы жалпы саланы қаржыландыруға жергілікті бюджеттен – 1 318 780,6 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде мәдениет аласының материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 24365,5 мың теңге қаржы бөлініп,Жаңаталап, Далдабай, Жаңадария ауылдық клубтарына, Еңбек ауылдық мәдениет үйіне, Руханият орталығына дыбыс күшейіткіш аппаратуралар, ұйымдастыру техникалары алынды.
2023 жылы «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы арқылы кітапхана, «Наркескен» спорт клубы ғимараттары табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.