2023 жылдың IІІ тоқсанында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында атқарылған жұмыстар туралы
Жарияланған күні: 10 қазан 2023
Жаңарту күні: 10 қазан 2023
Көру саны:28
Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылдың IІІ тоқсанында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында атқарылған жұмыстар туралы
- Қаракеткен елді мекендеріндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстарының (электр желілері) құрылыс монтаждау жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға қабылданды. Мердігер мекеме «УниверсалСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.Қазіргі таңда нысан тиісті мекемелердің теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде.
- Қаракеткен елді мекенінде салынатын 150 орындық клуб, Жаңаталап елді мекенінде салынатын 100 орындық клуб құрылыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп (байланыстыру)» сараптамадан өткізу жұмыстар толық аяқталды. Құрылыс монтаждау жұмыстарын қаржыландыруға обылыстық мәдениет және спорт басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
- Аламесек ауылдық округі Есет батыр елді мекенінде ауыз су жүйесін қайта жабдықтау және кеңейту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде."Казгражданстройпроект" ЖШС-і жобаны әзірленіп, сараптамадан өтті. Құрылыс монтаждау жұмыстарын қаржыландыруға обылыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
- Жалағаш кенті, «Ақтерек» учаскесі 170 гектарға тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылым құрылысы (электрмен жабдықтау желілері-2 кезең, ПС-35/10 кВ қосалқы станция) нысаны құрылысының жобалау сметалық құжаттары сараптамадан өтіп, құрылыс монтажау жұмыстарын қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
- Аққұм ауылының дамыту және құрылысын салу схемасына түзету енгізу жұмысына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз болып «MS Industrial» ЖШС-і анықталып жобаны әзірлу жұмыстары жүргізілуде. Жыл аяғына дейін маслихат қарауына ұсынылатын болады.
- Аққыр ауылдық округіндегі «Аққыр» каналын қазу құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеу, сараптамадан өткізу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз болып «Проект Дизаин» ЖШС-і танылды. Жобаны әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
- «Жалағаш кентінде қоқысқа арналған полигон салу (сұрыптау пункті)техникалық-экономикалық негіздемеге түзету» жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Жарияланған күні
10 қазан 2023
Жаңарту күні
10 қазан 2023
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты