№8, №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы

Жалағаш аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтері  бойынша округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес округтік сайлау комиссияларының  2023 жылғы 16 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Жалағаш аудандық  мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:

 

№8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша

  1. Жұмабек Еділ Шынәліұлы –2023 жылғы  31 қаңтарда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің  Жалағаш аудандық филиалы ұсынған, 1996 жылы туған, қазақ, «Arman com» ЖШС, директор, Бұқарбай батыр ауылында тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі.
  2. Тұрсынбай Ғазизбек Қуанбекұлы –2023 жылғы  1 ақпанда өзін-өзі ұсынған,1995 жылы туылған, қазақ, Таң ауылдық округі әкімі аппараты, салықшы, Таң ауылында тұрады.. Партия мүшелігінде жоқ.

 

№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша

 

  1.  Ахатаев Роллан Ақарыстанұлы – 2023 жылғы  1 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1987 жылы туылған, қазақ, №119 орта мектеп, мұғалім, Жаңаталап ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  2. Ахетов Куат Адисович - 2023 жылғы 1 ақпанда «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалы ұсынған, 1978 жылы туған, қазақ, Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті редакциясы, тілші, Жалағаш кентінде тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі.
Жарияланған күні

16 ақпан 2023

Жаңарту күні

16 ақпан 2023