Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 3 маусымдағы №АСК-01/ 159 қаулысымен Ақсу, Жаңаталап ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы жөніндегі осы ауылдық округтердің шекарасында сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 3 маусымдағы № АСК-01/ 160қаулысымен Ақсу, Жаңаталап ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2022 жылғы 3 шілдеге (жексенбі) тағайындалды.
Ақсу, Жаңаталап ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 4 маусымнан басталады және 2022 жылғы 17 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2022 жылғы 22 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:120200, Жалағаш кенті, Желтоқсанкөшесі, №32, Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты, байланыс телефондары: 31-7-19, 31-4-04, электронды поштасы jalsay2019@mail.kz, интернет-парақшасына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/activities/2776?lang=kk
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының құрамы:
Бекжанов Бауржан Султанович– комиссия төрағасы
Бекмолдаев Умирбек Кариевич– комиссия төрағасының орынбасары
Қожақұлова Даша Нұрмұратқызы – комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Бектаева Акбөпе Алмасқызы
Джанабергенов Мурат Кайнашиевич
Кенжеғара Ержас Темірханұлы
Кулумбаева Асия Мырзабековна