Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 15 сәуірдегі №АСК-01/128 қаулысымен Жалағаш кенті, Мақпакөл Еңбек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы жөніндегі осы кент, ауылдық округтердің шекарасында сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № АСК-01/129 қаулысымен Жалағаш кенті, Еңбек, Макпалкөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2022 жылғы 15 мамырға (жексенбі) тағайындалды.
Жалағаш кенті, Еңбек, Мақпалкөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 16 сәуірден басталады және 2022 жылғы 30 сәуірде, сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2022 жылғы 5 мамырда , сағат 18.00-де аяқталады.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:120200, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, №32, Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты, байланыс телефоны: 31-4-04, электронды поштасы jalsay2019@mail.kz
Интернет-парақшасы: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/activities/2776?lang=kk
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының құрамы:
Бекжанов Бауржан Султанович– комиссия төрағасы
Бекмолдаев Умирбек Кариевич– комиссия төрағасының орынбасары
Қожақұлова Даша Нұрмұратқызы – комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Бектаева Акбөпе Алмасқызы
Джанабергенов Мурат Кайнашиевич
Кенжеғара Ержас Темірханұлы
Кулумбаева Асия Мырзабековна