Цифрландыру
Көру саны:1

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы туралы
«Цифрлық Қазақстан» экономикаға, бизнес пен азаматтарға негізінен жаңа даму траекториясына
шығуға мүмкіндік береді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады.
«109» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ
Қызылорда облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы жанында «109» тәулік бойы Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі-ББО-109) жұмыс істейді. Қызылордалықтар «109» қысқа телефон нөміріне қоңырау шала алады. Стационарлық және мобильді нөмірлерден қоңырау шалу тегін.
ББО-109 азаматтардың коммуналдық қызметтерге және өңір азаматтарының тыныс-тіршілігі мәселелері бойынша жауапты ұйымдарға жіберілген өтініштерін тіркеу және халықтың тыныс-тіршілігіне байланысты мемлекеттік, тұрғын үй-коммуналдық және басқа да қызметтерді алуға байланысты проблемалық мәселелерді жедел анықтау және шешу үшін құрылған..
ББО-109 негізгі міндеттері:
- азаматтардың проблемаларын шешу, мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру және қалыптасқан өмірлік жағдай контексінде ақпарат немесе қызмет алу қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жақсарту;
- облыс әкімдігінің аппаратына халықтың сенім деңгейін арттыру;
- мемлекеттік органдардың қызметін проактивті жұмыс әдістеріне бағдарлау және өңір азаматтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша қызметтер көрсетумен байланысты проблемаларды шешу бойынша нақты нәтижелер беру;
- өтініштерді қарау бөлігінде мемлекеттік органдарға операциялық жүктемені төмендету.
Сонымен қатар, ББО-109-да +7 (771) 700 01 09 телефон нөмірі бойынша «WhatsApp» мессенджері арқылы келіп түсетін және интернет кеңістігінде жарияланатын өтініштер тіркеледі. Барлық өтініштерді Ахуалдық орталықтың қызметкерлері оларды тіркеу кезеңінен бастап жауапты мемлекеттік органның орындауына дейін бақылайды.
22 қараша 2023
22 қараша 2023