Облыстық ветеринария басқармасының 2021 жылы 7 айында атқарып жатқан жұмыстары туралы АНЫҚТАМА

Облыстық ветеринария басқармасының
2021 жылы 7 айында атқарып жатқан жұмыстары туралы
АНЫҚТАМА

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша қазіргі күні бекітілген жоспарға сәйкес 78,9 мың бас МІҚ, 237,5 мың бас уақ мал, 7,9 мың бас түйе, 478 бас шошқа бірдейлендіріліп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор жүйесіне енгізілді.

Үстіміздегі жылға 111,4 мың дана МІҚ, 254,9 мың дана уақ мал, 9,1 мың дана түйе, 1,1 мың дана шошқа құлақ жапсырмаларына берілген тапсырыс ҚР АШМ ВБжҚК "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РМК мен жеңімпаз мердігер мекеме арасында сот ісі жүргізілуіне байланысты, бүгінгі күнге дейін бөлінбей отыр.

Осыған байланысты басқарма тарапынан мал иелеріне 4656 дана құлақ жапсырмаларының жеке эмиссиялық нөмірлері АШМ-нен алынып берілді. Мал иелері өз қаражаты есебінен құлақ жапсырмаларын жасатуда.

Жарияланған күні

05 тамыз 2021

Жаңарту күні

05 тамыз 2021

Қызмет бағыты