Меню

Страницы

Статья

"Бюджетные программы на 2023-2025 г"

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»

Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 153 шешімін іске асыру туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабының 1-тармағына, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 987 қаулысына, «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 153 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:

1) кірістер – 485 364 608,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 36 804 705,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 3 540 402,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 445 009 501,0 мың теңге;

2) шығындар – 485 688 899,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -2 218 298,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 8 864 767,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 083 065,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 894 007,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –1 894 007,0 мың теңге.

  1. Мыналар:

1) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;

2) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаржысы есебінен өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

3) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаржысы есебінен санаторлы-курорттық емделу қызметін алатын мүгедектігі бар адамдарға ілесіп жүрушілердің шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмекке берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

4) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне «Бір терезе» қағидасы бойынша халыққа мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетуді ұйымдастыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

5) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаржысы есебінен сумен жабдықтау нысандарын сатып алуға, ағымдағы жөндеуге және абаттандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

6) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаржысы есебінен «Облыс тұрғындары арасында діни ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

7) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаржысы есебінен елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

8) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаржысы есебінен «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

9) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаржысы есебінен көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

10) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне жолаушылар маршрутын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

11) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаржысы есебінен тұрғын үйлерді сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

12) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес облыстық бюджетке аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттерінен кредиттерді өтеу сомаларының түсімі;

13) осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес облыстық бюджетке аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар сомаларының түсімі;

14) осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне республикалық бюджет қаржысы есебінен мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттердің сомаларын бөлу бекітілсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н. Сақтағановқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда облысы әкімінің

            міндетін атқарушы                                        М. Жайымбетов

Дата публикации
23 декабря 2022
Дата обновления
23 декабря 2022
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
06 октября 2025
Информация об оказанных государственных услугах в III квартале 2025 года Управлением пассажирского транспорта и автомобильных дорог Кызылординской области
Информация
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Информация
29 июля 2025
Отчеты о проведенных государственных закупках за 2025 год

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы