GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 октября 2026
Жалағаш ауданында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізілді

     Облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың 2026 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19 қазан күні “Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” қызметкерлері мен табиғат пайдаланушы ЖК “Б. Қиланов” қатысуымен шабақ құтқару іс-шарасы өткізілді. 
       Іс-шара барысында Жалағаш ауданы "М. Шәменов" ауылдық округіне қарасты күріш алқаптарынан 95 мың дана шамасында шабақтар құтқарылып "Қаракөл" көліне жіберілді.
       Іс-шараға 6 адам, 2 техника қатысты.

06 октября 2026
Құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында ұйымдастырылатын профилактикалық шаралар кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында мәжіліс өткізілді
Ағымдағы жылдың 4-5 қазан күндері Арал және Қазалы орман шаруашылығы қызметкерлеріне міндеттелген қызмет шегінде, яғни орман өртін болдырмау, қарасора өсімдігін егу фактілерінің алдын алу, орман, балық, жануарлар дүниесін пайдалану заңдылығының алдын алу бойынша сыбайластық фактілерге жол бермеу бағытында басқарма басшысының орынбасары Акбар Мәріп Шәріпұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
Сонымен қатар, табиғи ресурстарды қорғау саласындағы заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және табиғатқа жауапкершілікпен қарау жөнінде де қызметкерлерге ақпарат берілді.
06 октября 2026
Жалағаш ауданында шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілді

       Облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың 2026 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қазан айының 2-сі күні “Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” қызметкерлері  шабақ құтқару іс-шарасын өткізді.

       Іс-шара барысында Жалағаш ауданы "Бұқарбай" ауылдық округіне қарасты күріш алқаптарынан 80 мың дана шамасында шабақтар құтқарылып, резервте тұрған "Бақаш-Маман" көліне жіберілді.

       Іс-шараға 8 адам,2 техника қатысты.

06 октября 2026
Арал аймағының экологиялық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстар таныстырылды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Арал ауданындағы Көкарал бөгетіне барып, облыстың су шаруашылығының қазіргі жағдайымен танысты.
Бүгінгі мәлімет бойынша Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы су көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Шардара су қоймасына секундына 193,9 текше метр су түсіп, 999 млн текше метрге жетті. 
Ал Шардарадан төменгі ағысқа секундына 200 текше метр су жіберілуде. Соның нәтижесінде 217 текше метр су келіп жатыр. 
Облыс аумағындағы негізгі су тораптарында да су өткізу көлемі артқан. Мәселен, Қызылорда су торабынан төменге секундына 250 текше метр, Әйтек су торабынан 235 текше метр, Қазалы су торабынан 200 текше метр және Ақлақ су торабынан 150 текше метр су жіберілуде. Ал Арал теңізіне секундына 150 текше метр су түсіп жатыр. 
Әрі қарай делегация тікұшақпен Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жүргізілген жұмыстарды көрді. 
Құрғаған табаннан көтерілетін тұзды шаңның қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында Қазақстан бөлігінде бірнеше жылдан бері орман отырғызылып келеді. Мәселен, 2021 жылға дейін Қазақстан аумағында 192,8 мың гектар жер игерілген. Оның ішінде 1991-2020 жылдары облыстық бюджет есебінен 119,7 мың гектар жерге сексеуіл егілді. Халықаралық ұйымдар да қолдау көрсетті. Атап айтқанда, Халықаралық Аралды құтқару қоры есебінен 1,1 мың гектарға, Германия ынтымақтастық ұйымы арқылы 1,3 мың гектарға, Қазақстан және Дүниежүзілік банк қаржысы есебінен 57,4 мың гектарға, Оңтүстік Кореяның қайтарымсыз қаржысы есебінен 13,3 мың гектарға орман отырғызылды. Мемлекет басшысының бес жыл ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2021-2026 жылдары 1,1 млн гектар алқапқа фитоорманмелиорация жүргізілді. 
Экожүйені қалпына келтіру мақсатында «КАТКО» қазақ-француз бірлескен кәсіпорнының қаржыландыруы есебінен 500 метр тереңдіктен екі тұщы су ұңғымасы қазылып, іске қосылды. Қазіргі таңда ұңғымалардан шыққан су жайылған аумақта шөптесін өсімдіктер пайда болып, табиғи орта қалыптаса бастаған. Жабайы аңдар мен құстар көбейген.
Алдағы уақытта №1 су ұңғымасы орналасқан 15 гектар аумақта орман тұқымбағын құру жоспарланып отыр.

06 октября 2026
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Қазалы ауданындағы тұқымбақ жұмысымен танысты

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровпен бірге Қазалы ауданына барды. 
Сапар барысында Қазалы қаласындағы жақында іске қосылған орман тұқымбағының жұмысымен танысты. 
Аталған жоба Мемлекет басшысының орман қорын ұлғайту және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен 440 млн теңгеге жүзеге асырылған. 
Аумағы 33,5 гектар тұқымбақта 16 арнайы техника бар. Қара сексеуіл, жапырақты және жеміс дақылдары, үйеңкі секілді ағаш түрлері өсіріліп, қорғаныш жасыл белдеу жасау жұмыстары ұйымдастырылуда. Қазір тұқымбақта 45 адам жұмыспен қамтылған. 
Бұдан кейін Қазалы қаласындағы республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығының тұқымбағы таныстырылды. 
Жалпы ауданы 32 гектар тұқымбақтың 17 гектары орманмен қамтылған. Ал 15 гектары жайылымдық жер ретінде пайдаланылуда. Мұнда жылына 1-1,5 млн дана көшет өсіріледі. Сондай-ақ, таулы аймақтарға тән айлант, катальпа, туя секілді 10 түрлі ағаш көшеттері жерсіндіріліп, бес түрлі жеміс ағашы да өсірілуде. Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызылатын сексеуіл көшеттері де осы жерде дайындалады. Биыл тұқымбақта сексеуіл көшетін егу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта мұнда 41 адам жұмыспен қамтылған. 

24 сентября 2026
Қызылорда қаласын аяқсумен қамту мәселелері қаралды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда Қызылорда қаласын аяқсумен қамтудың және суару жүйесінің қазіргі жағдайы, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.
«Су ресурстарына толық талдау жүргізіп, қалаға қажетті көлемді нақтылап, келесі жылға су беру мүмкіндігін қарастыру маңызды. Әуежай маңы мен Белкөл кентіне кіреберіс аумақтардағы жасыл белдеуге аяқсу тұрақты берілуі және тал отырғызылуы керек.
Арық жүйелерін толық түгендеп, су жетпейтін учаскелерге қатысты нақты жобалық және қаржылық ұсыныс енгізіңіздер. Аяқсумен қамтылған аумақтарды кезең-кезеңімен ұлғайту үшін нақты жоспар әзірлеңіздер. Көшет отырғызу және оларды суаруды ұйымдастырыңыздар», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Бүгінде қала аумағына аяқсу 15 нүктедегі 22 насос қондырғысы арқылы беріледі. Оның 4-еуі биыл орнатылған. Арық жүйелерінің жалпы ұзындығы 98,8 шақырым, 68 көшені қамтиды. «Жібек жолы», «Сарқырама» және «Қызылжарма» каналдары арқылы 14,4 шақырымдық үлкен лоток жүйесі, 39 көшеде 68,6 шақырым болатын кіші лотоктар, ал 26 көшеде 15,8 шақырымдық лотоксыз арық жүйесі бар. Қала ішіндегі арықтарға су 6 аумақтағы насос қондырғылары арқылы таратылады.
Алдағы уақытта №217 мектеп ауласындағы су ұңғымасы жөнделіп, қайта іске қосылады. Бұл Қорқыт ата көшесінің бір бөлігіне аяқ су жеткізуге мүмкіндік туғызады. Аяқсу жеткізілген аумақтарды көгалдандыру мақсатында М.Шоқай, Қожа Ахмет Яссауи және Д. Қонаев көшелерінің бойына көшет отырғызылады.

07 сентября 2026
Жаңақорған ауданында шабақ құтқару жұмыстары жалғасуда

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б. Жахановтың күріштік алқаптардағы балық шабақтарын құтқару іс-шарасына байланысты Жанақорған ауданы Өзгент ауылының күріштік алқаптарының қалдық каналдарынан "Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің" қызметкерлері және “Төлеу”, “Серікбай” ШҚ қызметкерлері Жашыкөл көлі мен Борықты көліне 90 мың дана балық шабақтары құтқарылып жіберілді.
Іс-шараға 2 техника, 4 адам қатысты.

07 сентября 2026
Шиелі ауданында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізілді

Облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың 2026 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес “Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” қызметкерлері және табиғат пайдаланушы ШҚ “Сарықұм” қызметкерлерінің қатысуымен шабақ құтқару іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округіне қарасты күріш алқаптарынан 17 мың дана шамасында шабақтар құтқарылып "Сарықұм" шаруа қожалығына қарасты балық асырайтын тоғанға жіберілді.
Іс шараға 4 адам, 2 техника қатысты.

07 сентября 2026
Шабақтар құтқарылуда

Облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың 2026 жылғы облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 5-6 қыркүйек күндері “Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” қызметкерлері мен табиғат пайдаланушы ЖК “Алия” және “Қожанов” ШҚ қызметкерлері бірлесіп шабақ құтқару іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округіне қарасты күріштік алқаптарынан 40 мың дана шамасында балық шабақтары құтқарылып, Қоғалыкөл және Кіндіккөл-Базарқұл көлдеріне жіберілді.
Іс-шараға 4 адам, 2 техника қатысты.

07 сентября 2026
Шабақтарды құтқару шаралары қарқынды жүргізілуде

Облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың 2026 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 6 қыркүйек күні “Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” мен табиғат пайдаланушы ЖК "Ақкенже" қызметкерлерінің қатысуымен шабақ құтқару іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округіне қарасты күріш алқаптарынан 38 мың дана шамасында шабақтар құтқарылып "Майкөл" көліне жіберілді.
Іс-шараға 5 адам, 1 техника қатысты.

Социальные сети
Фейзбук
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы