| Орналастыру күні | Хабарландыру |
| 17.03.2021 ж |
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес «Кристалл Менеджмент» АҚ 2021 жылғы 17 наурыз бен 19 сәуір аралығында А Блогының келісімшарттық аумағындағы «Қаракөл» кен орнындағы ұялы және радиорелелік байланыстың антенна-діңгекті құрылысын монтаждауға жобалық және жұмыс құжаттамасына ҚОҚ бөлімі түрінде қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары бойынша сауалнама түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер дің осы жоба бойынша ақпарат алуға және өз пікірін білдіруге мүмкіндіктері бар. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға және мүдделі жұртшылықтың сауалнама парақтары бойынша пікірін ескеруге Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі Жолдасбекова Аружан жауапты болып табылады, байланыс телефоны: +7 (7242) 60-53-69. Жобаға тапсырыс беруші: «Кристалл Менеджмент» АҚ, Қызылорда қ., Жалаңтөс Бахадүр к-сі, 1, 2-қабат, каб. 4. Телефоны: +7 (7242) 23-44-13. Құжаттаманы әзірлеуші: «Жоба» ЖШС, Қызылорда қ., Жахаев к-сі, 114а. Телефоны: +7 (724) 223 02 79. ҚОӘБ материалдарын әзірлеуші: «АртНефтьСтройПроект» ЖШС, Қызылорда қ., Тәуке хан к-сі, 3, тел.: +7 (777) 499-17-34, е-mail: ansp@bk.ru. ҚОӘБ материалдары мен сауалнама парағы келесі Интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat/activities/directions?lang=ru Ескертулер мен ұсыныстар осы e-mail бойынша қабылданады: ar.zholdasbekova@korda.gov.kz, ansp@bk.ru және office@crystal-management.kz. |
Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауал парағы |
|
| Толтырылған мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауал парақтары | |
| 26.04.2021 ж | Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаудың хаттамасы |